» » Тоңазытқышта отырып қолтырауыннан жасырынған ер адам аяғынан айырылды

Тоңазытқышта отырып қолтырауыннан жасырынған ер адам аяғынан айырылды

Ямайканың Пур-Менз-Корнер қаласында электрик қолтырауынның құрбаны болды. Ол аяғынан айырылды. 


48 жастағы Найджел Гейл жағалауға шығып, тынықпақ болады. Суға тізерлеп отырғанда, оған қолтырауын тап береді. Ер адам көмекке шақырып айқайлайды. Алайда жанында ешкім болмаған. Ақырында қолтырауынның басынан ұстап, аяғын шығарып алады. 

Гейл жағалауда жатқан жарамсыз тоңазытқышқа кіріп, қолтырауынна қорғанады. Өзінің белбеуімен жарасын таңып, қанды тоқтатады. 

"Біреу маған құлағыма сыбырлағандай болды. "Тоңазытқышқа кір" деді. Кірдім. "Белбеуіңді таңып, қанды тоқтат" деді, таңдым", - дейді ол.
 
Зардап шеккен электрик жағалауда осылайша түні бойы отырды. Қолтырауын  тоңазытқышқа жақындағанда Гейл шулап қоя берген. Шуды естіген жыртқыш кері қайтып кетіп отырған. 

Таңертең әлдекім Гейлді байқап, оның емханаға жетуіне көмектеседі. Емханада Гейлдің аяғын кесті.


16 сәуір 2019 ж. 791 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930