» » Жапониялықтар өздігінен қалпына келетін аккумуляторды ойлап тапты

Жапониялықтар өздігінен қалпына келетін аккумуляторды ойлап тапты


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапониялық ғалымдар аккумулятордың өздігінен қалпына келуіне жағдай жасайтын бірегей технологияны ойлап шығарды. Аккумуляторды жасау барысында төзімділігі өте жоғары, тозбайтын материалдар қолданылған, деп жазды EurekAlert басылымы. 


Қазіргі кезде көбінесе литий-иондық немесе натрий-иондық аккумуляторлар қолданылады. Алайда, қайта-қайта қуаттай бергендіктен, уақыт өте келе мұндай батареялар бастапқы кездегі сыйымдылығын жоғалтып алады. 

Аккумуляторлардың ішкі қабаттары ыдырап, бөлшектене бастағандықтан, жарықшақтар пайда болып, батареяның қуат алу қабілеті азая бастайды. Кейіннен аккумулятор иесі батареясын ауыстыруға мәжбүр болады. 

Жаңа технологияның көмегімен жапониялықтар батареяның тозу уақытын ұзартатын, әрі қалпына келтіргіш арнайы материалды ойлап таба алды. 

Жаңа аккумулятордың қабаттары кулондық тартылыс күші арқылы ұсталып тұрады. Ал кәдімгі қолданыстағы аккумуляторларды жасауда Ван-дер-Ваальс тартылыс күші қолданылады. Ол күші жағынан біріншіге басымдық береді. 

Бұл технология смартфондармен қатар, автокөліктердің аккумуляторын жасауда да қолданылады. 
 
 
Фото: ашық дереккөз


17 мамыр 2019 ж. 587 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 820

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031