» » Ресейде 40-тан астам әуежайдың атауы өзгерді

Ресейде 40-тан астам әуежайдың атауы өзгерді

Ресей президенті Владимир Путин елдегі 40-тан астам әуежайдың атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, мәскеулік Домодедово әуежайына ғалым Михаил Ломоносовтың, Внуковоға - ұшақ құрастырушы Андрей Туполевтің есімі берілсе, Шереметьево әуежайы ақын Александр Пушкиннің есімімен аталды. Тағы бір орыс ақыны Михаил Лермонтовтың есімі Минералды сулар әуежайына, Симферополь әуежайына суретші Айвазовскийдің, Воронеж әуежайына І Петр есімі берілді.
 Бұдан басқа да белгілі тарихи тұлғалардың есімдері Анадырь, Анапы, Архангельск, Астрахан, Белгород, Благовещенск, Владивосток, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Калуга, Краснодар, Красноярск, Магадан, Мурманск, Нижневартовск, Нижнекамский, Новосібір, Норильск, Омск, Петропавловск-Камчатский, Посков, Самар, Сочи, Ставрополь, Сургут, Сыктывкар, Томск, Түмен, Уфа, Хабаровск, Чебоксар, Челябинск, Оңтүстік-Сахалин және Якутск қалаларындағы әуе айлақтарына берілді.
Ақпаратқа сәйкес, елдегі әуежайларды танымал тұлғалардың есімімен атау  - олардың мемлекет дамуына қосқан үлесін жаңғырту мақсатын көздейді. Тиісті конкурс 2018 жылдың 11 қазанында жалпыхалықтық дауыс беру негізінде жүзеге асырылды. Жобаға бюджеттен қаражат бөлінбегендіктен, дауыс беру интернет желісі арқылы жүргізілді. «Великие имена Россиии» сайтының мәліметінше, дауыс берудің финалына 4 млн 828 мың адам қатысқан. Наурыз айында РФ Қоғамдық палатасы байқау нәтижесі бойынша ұсыныстарды үкіметке жіберді.
02 маусым 2019 ж. 480 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930