» » Путин Тоқаевты Қазақстан президенті болуымен құттықтады

Путин Тоқаевты Қазақстан президенті болуымен құттықтады

ФоÑо: angi.ru

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті міндетін атқара бастағанымен құттықтады. Ресей басшысы Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдаған деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құттықтау жеделхатында Путин Тоқаевтың қазақ-ресей қарым-қатынасының нығаюына жеке өзінің үлесін қосқан білікті мемлекеттік қайраткер екенін баса айтып өтті.

"Бірлесе отырып, барлық салаларда ресей-қазақстандық құрылымдық ынтымақтастықты жалғастырып, күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді шешуде де серіктестік әрекеттестікті сақтайтынымызға сенімдімін.Бұл бауырлас елдер мүддесіне сай, аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту бағытында жүретіні белгілі", - деп жазды Владимир Путин.




https://kaz.nur.kz



21 наурыз 2019 ж. 577 0