"Кілең қарттар": Егде жастағы адамдар ғана тұратын қалашық туралы не білеміз?
Бүгінде қарттармен тұрғысы келмейтін жастардың қатары жылдан жылға ұлғайып барады. Әсіресе, бұл жағдай Америка құрама штаттарында кеңінен таралған. Алайда, америкалық қариялардың бұл жайтқа қайғыруға уақыты да жоқ. Олардың басым көпшілігі 55 жастан аса берген шағында тек қана қарттарға арналған қалашыққа жаппай көшіп, қызықты ғұмыр кешуді бастайды деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Sun city" күн қалашығы деген мағынаны білдіретін жер қариялар үшін нағыз жұмақ мекенге айналған. Қалашық тек қана 55 жастан асқан адамдарға арналған. Аталмыш жерге танымал фотограф Кендрик Бринсон арнайы барып, күн қалашығын өз көзімен көріп қайтты.
Қалада түрлі қызығушылығы мен өмірлік құндылықтары бар егде жастағы адамдардың өмір сүруі үшін қажетті заттардың барлығы бар. Қала тұрғындар үшін аттракциондар саябағы, супермаркеттер, жаттығу залдары, гольф алаңдары мен кинотеатрлар көптеп салынған.
Sun city-дан 55 жастан асқан кез келген азамат пәтер сатып ала алады, Қаладағы орташа жас мөлшері 75-ті құрайды. Бұл әлем бойынша қартаюға тек қана қуанатын жер болып табылады.
"Қариялар мекенінде" жастар да бой көрсетіп тұрады. Балалар мен немерелер ата-апасының қалын біліп, көрісіп тұруға құқылы.Олар бұл қалада жылына 90 күн ғана бола алады.
Ең қызығы, күн қалашығындағы басты құқық бұзушылықтардың бірі - қоғамдық жерде жыныстық қатынасқа түсу болып табылады.
NUR.KZ