Джастин Бибер Голливуд жұлдызын жекпе-жекке шақырды
Әнші Джастин Бибер голливуд жұлдызы Том Крузды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол 10 маусымда Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бибер Крузды октагонға шақырды. "Том, егер сен менің ұсынысымды қабыл алмаса - онда қорыққаныңды дәлелдейсің және бұдан ешуақытта құтыла алмайсың", - деп жазды әнші.
Әнші UFC президенті Дана Уайтқа осы жекпе-жекті ұйымдастыруды ұсынды. Алайда Бибердің жазбасына ирландиялық файтер Конор МакГрегор назар аударып, осы жекпе-жекті ұйымдастыруға қуана келісетінін жеткізді. "Егер Том Круз нағыз ер болса, онда осы ұсынысты қабылдауы тиіс. McGregor Sports and Entertainment барлығын ұйымдастырады. Круз фильмде төбелескендей шынайы өмірде істей ала ма?", - деп жазды МакГрегор. Келесі жазбасында ол актер Марк Уолбергті жекпе-жекке шақырды.
Kaz.tengrinews.kz