КӨЛІКТЕР ЕРІП ЖАТЫР: Кувейтте рекордтық ыстық ауа райы тіркелді
21 маусым күні 68 градусқа дейін ысиды деп күтілуде.
Кувейтте тарихта болмаған ең жоғары температура – әлемдік рекорд тіркелді, деп жазады lifter.com.ua.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, 8 маусым күні термометр 63 градус, ал көлеңке жерде 52,2 градус ыстықты көрсеткен. Күннің ыстығынан қаза болғандардың саны 5-еуге жеткен, сонымен қатар, көпшілік ағзаның сусыздануынан зардап шегіп жатқан көрінеді. Тіпті, күн астында қалған көліктердің кейбір бөлшектері еріп жатыр. Билік Кувейт халқын ашық күн астына шықпауға және көбірек су ішуге шақыруда. Айта кету керек, бұған дейінгі күннің ысуының рекордтық көрсеткіші Калифорнияда, 1913 жылы тіркелген. Ол кезде күннің ыстығының максималды деңгейі 56,7 градус болған. Алдағы ауа райының болшамы да кувейттіктер үшін қуанышты емес, 21 маусым күні 68 градусқа дейін ысиды деп күтілуде.
ERNUR.KZ