» » Сағаттардың шығу тарихы

Сағаттардың шығу тарихы


Кейде адамдар сағаттарды ойлап таппағанда бүгінгідей реттілікке қалай жететін едік деп ойлаймын. Сағаттардың арқасында уақытты реттеп үйрендік. Дүниедегі тәртіп пайда болды. Бұрын ауылда сақманда жүргенде, қарнымыз ашқанда немесе үйге қайтқымыз келген кезде уақытты жерге домалақ сызып, ортасына ши қойып есептейтінбіз. Дәл уақытты анықтамасақ та шамалайтынбыз. Бұлайша есептеу адам генінің кодына тумай жатып жазылып қоятын сияқты. Себебі осыдан үш жарым мың жыл алдыңғы, алғашқы сағаттар осы күнгідей сағат болыпты. Қазақ уақытты өзінше есептеген, көзді-ашып жұмғанша шамамен 1 секунд, сүт пісірім уақыт – 15 минут, бие сауым уақыт – 1 сағат, сәске түс, ұлы түс т.б. Түнде уақытты жұлдыздарға қарап, әтештің шақырған кезімен анықтаған. Назарларларыңызға сағаттың шығу тарихы мен түрлерін ұсынамыз.




Күн сағаты – Гномон 

3,5 мың жыл бұрын Вавилондықтар күн сағаты – Гномонды қолданысқа енгізді. Қиғаш шеңбер тас ортасына жіңішке ағашты орнату арқылы уақытты біліп отырды. Бірақ күн сағатының кемшілігі уақытты Вавилондықтар тек, күндіз ғана есептеді, оған бұлтты күндері күннің болмай қалуындағы қиындықтарды қосыңыз. 



От сағаты 

От сағаты ежелгі қытайда пайда болды. От сағат ауа райы және күнге тәуелсіз болғандықтан күн сағатына қарағанда біраз қолайлы еді. Тіпті қытайлықтар от сағатын оятқыш ретінде де пайдаланған. Шамның межеленген жеріне темір шарларды жіппен байлап қоятын болған. Белгіленген жеріне дейін жанып келген шаммен бірге жіп те өртеніп, темір шар төмендегі темір ыдысқа түсіп, қатты дыбыс беретін болған екен. 



Су сағаты – Клепсидра 

Алғашқы су сағаттарының отаны – Египет. Александрия қаласында су сағаттар жасайтын өнеркәсіп өте жақсы дамыған. Су сағатын – Клепсидра яғни су ұрлаушы деп атаған. Су сағаты күн сағатынан қолайлы, от сағатынан да уақытты дәлірек көрсететін болған. Механизмі қарапайым, бір ыдыстағы су екінші ыдысқа ақырындап құйылып отырған. 



Құм сағаты

Құм сағаты туралы алғашқы деректер Париж қаласынан табылды. Құм сағатты теңізде де көп пайдаланған. 30 секундтық кеменің жылдамдығын білдіретін не 4 сағаттық бір вахтаның уақытын білдіретін құм сағаттар жиірек қолданылған. Еуропада құм сағаттар 3 сағат не 1 сағаттық уақытты көрсететін болыпты. Қазіргі күнде құм сағаттар медицинада кейбір дәрігерлік рәсімдерді өткізу үшін ғана пайдаланады. Құм сағаттарды сувенир ретінде де сатып алуыңызға болады.



Мұнара сағаты 

Алғашқы механикалық сағаттар XIV ғасырда пайда бола бастады. 1404 жылы алғаш рет Мәскеудегі мұнараға сағат қойылды. Арада 1 ғасыр өтіп6 механикалық сағаттар жаппай сатылымға шыға бастады. Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1657 маятникті ойлап тапты, мұнымен уақыттың дәлдігі арта түсті. 



Электронды сағаттар

Алғаш электронды сағаттар деген сөз 1952 жылы газет беттерінде бой көрсете бастайды. Француздың «Лип-Безансон» (Leap Besancon) және америкалық «Elgin Watch Company» фирмалары электронды сағат шығарамыз деп баспасөз беттерінде әлемнен сүйінші сұрайды. Бірақ, алғашқы электронды сағаттарды арада жеті жыл өткенде «Гамильтон» (Hamilton) атты фирма шығара бастады.

Massaget.kz
27 наурыз 2018 ж. 20 343 35

MichaelWap от 1 шілде 2025 22:54
Здесь можно найти сведения по запросу, от кратких контактов до исчерпывающие сведения. Реестры охватывают персон разного возраста, профессий. Информация собирается из открытых источников, обеспечивая достоверность. Поиск осуществляется по контактным данным, что делает использование эффективным. глаз бога телеграмм официальный сайт Дополнительно можно получить адреса а также актуальные данные. Все запросы проводятся в соответствии с правовых норм, что исключает разглашения. Обратитесь к этому сайту, в целях получения искомые данные без лишних усилий.

Robertitalp от 2 шілде 2025 12:43
Хотите найти данные о пользователе? Этот бот предоставит детальный отчет мгновенно. Используйте продвинутые инструменты для поиска публичных записей в соцсетях . Узнайте контактные данные или активность через систему мониторинга с верификацией результатов. глаз бога официальный телеграм Система функционирует с соблюдением GDPR, обрабатывая открытые данные . Закажите расширенный отчет с историей аккаунтов и графиками активности . Доверьтесь надежному помощнику для исследований — результаты вас удивят !

Josephbrabe от 2 шілде 2025 14:25
Выбирая тату-салон, стоит учитывать на чистоту помещения и квалификацию мастеров . Посмотрите примеры нанесённых татуировок, а также рейтинги в интернете. Убедитесь , что применяют одноразовые иглы и персонал носит перчатки . https://pixabay.com/users/51125572/ Обсудите о деталях эскиза, чтобы убедиться в понимании . Уточните о дополнительных расходах и этапах работы. Не забудьте наличие сертификатов мастеров для уверенности в безопасности.

JasonUnref от 2 шілде 2025 15:22
Нужно найти данные о пользователе? Наш сервис поможет детальный отчет в режиме реального времени . Воспользуйтесь продвинутые инструменты для анализа цифровых следов в открытых источниках. Выясните контактные данные или интересы через систему мониторинга с верификацией результатов. глаз бога тг бесплатно Система функционирует в рамках закона , используя только открытые данные . Получите детализированную выжимку с геолокационными метками и списком связей. Попробуйте проверенному решению для исследований — результаты вас удивят !

JerryZex от 10 шілде 2025 11:16
For years, I assumed following instructions was enough. The pharmacy hands it over — you don’t question the process. It felt official. Eventually, it didn’t feel right. At some point, I couldn’t focus. I blamed my job. Still, my body kept rejecting the idea. I read the label. None of the leaflets explained it clearly. kamagra oral jelly cvs That’s when I understood: health isn’t passive. The reaction isn’t always immediate, but it’s real. Reactions aren’t always dramatic — just persistent. Still we trust too easily. Now I don’t shrug things off. But because no one knows my body better than I do. I take health personally now. Not all doctors love that. This is self-respect, not defiance. And if I had to name the one thing, it would be keyword.

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031