Ер адам құлағына тұрып қалған құлақ тазалағыш таяқшамен 10 жыл бойы жүрген
Ұлыбританияның Лестершир графтығында құлағында тұрып қалған құлақ тазалайтын мақталы таяқшаны бірнеше жыл бойы ала алмаған тұрғын аурухана дәрігерінің көмегіне жүгінген.
Бұл туралы Daily Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Отоларинголог Нила Райтатаның сөзінше, пациент мақталы таяшаның құлағында шамамен 10 жыл бұрын тұрып қалғанын мойындаған. Ол сол уақыттан бері таяқша өздігінен түсіп қалды деп ойлап жүрген екен. Алайда соңғы уақытта құлақ естуінде қиындықтар пайда болып, құлағы ауырып, ішінде бірдеңе тұрғандай сезім болған.
Райтата пациентті бақылау кезінде құлағының есту жолының түбінен мақта түйірін көріпті. Ол арнайы қысқыштың көмегімен мақтана алып тастаған. Бұл процедураға бінеше секунд қана қажет болды.
Отоларингологтың сөзінше, құлағына бөтен заттар тұрып қалған пациенттер жиі келеді екен. Тіпті, ол кей пациенттің құлағынан балауыз, сырға мен қаламның қалпақшасын алып шыққан.
Stan.kz
Пікір 107