» » Халықты жұмыспен қамту күн тәртібінен түскен емес

Халықты жұмыспен қамту күн тәртібінен түскен емес


Әкімдікте аудандық мәслихаттың сессиясы өтті. Басқосуға аудандық мәслихат депутаттары мен мекеме, бөлім басшылары қатысты.
Сессия отырысына төрағалық еткен аудандық мәслихат депутаты Ерхан Бақбергенұлы күн тәртібінде қаралатын мәселелерді ұсынып, жұмыс регламентін бекітті. Алғашқы болып сөз алған жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Эльмира Құттымбетова аудан бойынша халықты жұмыспен қамту жайын баяндады.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 181 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылса, қоғамдық жұмысқа 469 адам жіберіліпті. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы да жұмыссыздық деңгейін төмендетуге оң әсерін тигізіп отыр.
– Бағдарламаның төртінші – "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру бағыты бойынша өтініш білдірген жастардың 89-ы қоғамдық жұмысқа жіберілді. Бағдарламаның екінші бағыты аясында 16-29 жас аралығындағы 8 азамат өз кәсібін ашу бағытында жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Жоғарыда айтып кеткендей, биыл жастар жылын атап өтуге байланысты 70 жасқа мемлекеттік грант беру көзделіп отыр. Бұл мақсатқа қосымша қаржы қаралды. Нысаналы топқа жататын жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтар қатарынан 2019 жылдың 1 шілдесіне жұмыс іздеуші ретінде 8 адам тіркелді, оның ішінде 6 адам квота бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 1 адам 252,5 мың теңге қайтарымсыз грант алып, ағаш шеберханасын ашты, – деді бөлім басшысы.
Мұнан кейін кенттегі атауы жоқ көшелерге атау беру және кейбір көшелерді қайта атау туралы бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу, қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудан әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту, учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу жайы және аудандық мәслихаттың II жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.
Сессия отырысына қатысқан халық қалаулылары күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, тиісті шешім қабылдады.
15 шілде 2019 ж. 623 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930