» » Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларына қанша қаражат бөлінеді?

Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларына қанша қаражат бөлінеді?

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде Президент Қ.Тоқаев осы күрделі кезеңде экономиканы, шағын және орта бизнесті, халықты қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Бүгінде әлеуметтік және қаржылық реттеудің қолайлы жүйесін құруға күш салу маңызды болып отыр.
Төтенше жағдай кезінде азаматтар мен экономиканы қолдауға үш бағыт бойынша қосымша шығыстар қарастырылған.
Бірінші. «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру. Оның аясында инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, 254,3 мың жұмыс орны құрылады.
Екінші. Әлеуметтік төлемдерді индекстеу және шетел валютасы бағамының өзгеруіне байланысты шығыстарды жабу. Бұл мақсатқа 315,4 млрд теңге бағытталады.
Үшінші. Азаматтар мен экономиканы қолдауға, соның ішінде Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыруға 293,4 млрд теңге бағыттау ұсынылады.
Осы қаражат аясында бір уақытта тұрмыс сапасын жақсартумен және табыс пен сұранысты ұлғайтумен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шара мен жобаны іске асыру көзделген. Сонымен қатар бюджет кірістері бойынша шығындарды жабу және жоғарыда аталған шараларды іске асыру үшін республикалық бюджет шығыстары 532,8 млрд теңгеге оңтайландырылды. Бюджет тапшылығы 840,7 млрд теңгеге ұлғайды. Соның нәтижесінде республикалық бюджеттің параметрлері төмендегідей қалыптасты:
- түсімдер – 11,8 трлн теңге;
- шығыстар – 14,3 трлн теңге;
- тапшылық – 2,4 трлн теңге немесе ІЖӨ-ге 3,5%.
Шешім қабылданғаннан кейін қара­жат­ты сапалы және уақтылы игеру мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік сатып алу ресімдерін және басқа да тиісті іс-шараларды уақтылы жүргізуі қажет.
Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қазіргі жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы карантиндік іс-шараларды жүргізуге тартылған медицина және басқа да сала қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуді тапсырды.
 
Дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыру
Жергілікті деңгейдегі қолдау мен салықтық артықшылықтарды есептемегенде, дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті қосымша 5,9 трлн теңгені құрайды, соның ішінде:
- 2,5 трлн теңге бюджеттен тыс қаражат есебінен;
- 3,5 трлн теңге республикалық бюджет есебінен үш бағыт бойынша қаржыландыру жоспарлануда.
Бірінші. Экономикалық тұрақтылық пен төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге 1,2 трлн теңге қарастырылған.
Халықты жұмыспен қамтуды қолдау үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы қабылданды, соның аясында поствирустық кезеңде 254,3 мың жұмыс орны құрылады. Оны іске асыруға қомақты сома (1 трлн теңгеге дейін) бөлінеді. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға қосымша 84,5 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Бұдан өзге, кәсіпкерлердің несиелері бойын­ша субсидиялау және кепілдік беру арқы­лы кәсіпкерлікті қолдау шараларын кү­шейту көзделген. Бұл шамамен 16 мың жұ­мыс орнын құруға және 250 млрд теңгеден астам салық түсіміне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттары үшін құны 5 567 теңге болатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтық ұсынуға 30,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл шара 2 млн-нан астам адамды қамтиды. Нақтылау аясында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге сомасында қосымша шы­ғындар қарастырылған. Соның нәти­жесінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту, ха­лықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау­ды қоса алғанда, еңбек делдалдығы мен дағ­ды­ларының тиімді моделін құру жалғасады.
Екінші. Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне қатысты іс-шараларға 315,4 млрд теңге бағытталады.
Үшінші. Азаматтар мен экономиканы қолдауға, cоның ішінде Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыруға 293,4 млрд теңге бағыттау ұсынылады.
Осы қаражат аясында бір уақытта тұрмыс сапасын жақсартумен және табыс пен сұранысты ұлғайтумен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шара мен жобаны іске асыру жоспарлануда.
Бұл шаралар мыналар есебінен іске асырылатын болады:
республикалық бюджет шы­ғыстарын 532,8 млрд теңгеге қыс­қарту;
бюджет тапшылығын ІЖӨ-ге 3,5%-ға дейін жеткізу – 840,7 млрд теңге.
Бұл ретте, республикалық бюджет кірістері бойынша шығындар 1,7 трлн теңгеге бағаланып отыр. Коронавирус инфекциясының пай­да болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды қаржы­ландыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға 39,1 млрд теңге бө­лінді. Соның ішінде коронавирус инфек­ция­сымен күрес бойынша жүргі­зілетін эпидемияға қарсы шараларға жалпы сомасы 23 468,5 млн теңге бөлінді, соның ішінде:
жеке қорғану құралдарын, дезинфекциялау құралдарын, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды сатып алуға – 20 624,9 млн теңге;
коронавирусты анықтау үшін тепловизорлар, зертханалық жабдықтар және тест-жүйелерін сатып алуға – 2 712,5 млн теңге;
Қазақстан азаматтарын Қытайдан көшіруге – 131,1 млн теңге.
Осы қаражат шеңберінде өңір­лерге жеке қорғану құралдарын, дезин­фекциялау құралдарын, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым­дарды сатып алуға мақсатты трансферттермен 11 563,9 млн теңге аударылды, соның ішінде 30%-ға жуығы Нұр-Сұлтан қаласына – 1 412,4 млн теңге, Алматы қаласына – 1 419,9 млн теңге, Шымкент қаласына 605 млн теңге бөлінді.
Бұған қоса, Мемлекет басшы­сының тапсырмасы бойынша 2020 жылға арналған бюджетті нақ­ты­лау аясында эпидемияға қарсы шара­ларға қосымша 125 283,5 млн теңге қарастырылады, соның ішінде:
1) карантиндік іс-шараларды өткі­зуге тартылған денсаулық сақ­тау жүйесінің қызметкерлерін ынта­лан­дыруға – 40 609,8 млн теңге.
Анықтама: Үстемеақының мөл­ше­рі қауіптілік топтары бойынша анықталады:
1-топ «Қауіптілігі аса жоғары» – реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стацио­нар­лардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы бір адамға 20 ең төменгі жалақы мөлшерін құрайды немесе 850 мың теңге.
2-топ «Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 ТЖМ немесе 425 мың теңгені құрайды.
3-топ «Қауіптілігі орташа» – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қыз­мет­керлер), жедел жәрдем жүргізу­ші­лері және т.б. Үстемеақы 5 ТЖМ немесе 212,5 мың теңгені құрайды.
2) 19 509,6 млн теңге – корона­вирустық инфекциямен ауыр­ған тұлғаларды  және ауруға күмәнді ре­тінде ауруханаға жатқызыл­ған­дарды емдегені үшін, сондай-ақ COVID-19 коронавирустық инфекциясымен ауырғандармен байланыста болған деген күмән барларды оқшаулау мақсатында медицина ұйымдарының медициналық қызметтеріне ақы төлеу;
3) 14 800 млн теңге – Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында жалпы саны 680 төсек-орын болатын каран­тинді типтегі 3 медициналық модульдік кешенді салуға;
4) 30 815,7 млн теңге – төтенше жағдай кезінде тұрғындардың жекелеген санаттарына азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарды таратуға (АӘК алушылар, соның ішінде
6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, 1-3 топтағы мүгедектер, мүгедек бала­лар, мүгедек балаларды күтіп-бағып отырғандар, ресми тіркелген жұмыс­сыздар). Азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен 2 млн-ға жуық адам қамтылады;
5) 8 091,8 млн теңге – 1 жалақы көле­мінде ішкі істер органдарының қызмет­керлері мен медицина қыз­мет­керлеріне, Ұлттық гвардия мен Қарулы күштердің әскери қызмет­кер­леріне сыйақы төлеуге (66,3 мың адам);
6) 4 058,4 млн теңге – ведомство­аралық ақпараттық жүйелердің байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілуі және жұмыс істеуіне;
7) 5 623,1 млн теңге – сот медицина сараптамасы қызметінің үздіксіз жұ­­мысын қамтамасыз етуге.
Сонымен қатар экономиканың басым салаларын жеңілдікпен несие­лендіру бағдарламасы бойынша биылғы 10 сәуірдегі жағдай бойын­ша банктер жалпы сомасы 422,2 млрд теңгеге 619 өтінім қабылдады, 292,2 млрд теңге сомасына 470 жоба ма­құлданды, 153 млрд теңге сомасына 352 займ берілді.
Ұлттық банк осы бағдарламаны қаржыландыруды 400 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады, бұл қаржы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жә­не импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталады.
Төтенше жағдайда зардап
шек­кен ШОБ субъектілері мен же­ке кәсіпкерлерді қолдау үшін Жеңілдікпен несиелендіру бағдар­ламасы әзірленіп, іске асырыла бас­тады. Бағдарлама аясында банктер жалпы сомасы 600 млрд теңгеге 12 ай мерзімге шартты салымдар бөлді. 3 айда игерілуі тиіс қаражат игеріле бастады. Кәсіпкерлер  647 өтінім берді, 17,3 млрд теңге сомасына 45 займ берілді.
«7-20-25» бағдарламасы бойын­ша 9 сәуірдегі жағдай бойынша 199 млрд теңгеге 17 328 өтінім мақұл­данды, соның ішінде 173,2 млрд теңге сомасына 14 616 займ берілді. 
Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Ұлттық банк бағдарлама бойынша қарыз алушыларды айып­пұлдар мен өсімпұлдардан босату, негізгі қарыз және сыйақы бойынша төлемдерді 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге шегеру арқылы қолдауды қарастыратын өзгерістер енгізді.
Екінші шаралар пакеті аясында Ұлттық банк бірнеше бағыт бойынша жұмыстар жүргізуде. Мемлекет басшысының биылғы 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында 1 жыл мерзімге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 100 млрд теңге бөлінеді. Бағдарлама қатысушыларының облигацияларды өтеу мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады.
Дағдарысқа қарсы шаралардың екінші пакеті аясында Ұлттық банк «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ инфра­құ­ры­лымдық облигацияларын сатып алу арқылы 700 млрд теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігімен 600 млрд теңге сомасына іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды қолдау бо­йынша шараларды қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдарды одан әрі қаржыландыруға бағытталады және республикалық бюджеттен 300 млрд теңге көле­міндегі трансферттерді жергілікті бюджеттерге Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру үшін бөлген соң ұсынылады.
 
 Биыл қаңтар-наурыз айлар­ын­д­ағы әлеуметтік-экономикалық даму
Мәселен, 2020 жылдың І тоқ­са­нын­да мемлекеттік бюджет кіріс­тері есеп­ті кезең жоспарына 89,9%-ға орын­далды, республикалық бюджет – 78,8%, жергілікті бюджеттер – 121,4%.
Республикалық бюджет кірістері экономикаға сыртқы факторлардың теріс ықпалының салдарынан 10,5% (89,5%) төмендеді. Республикалық бюджетке 1,4 трлн теңге сомасында кіріс түсті. Жоспар 378 млрд тең­геге орындалмады. Орындалмау негі­зінен салықтар есебінен болды. Біріншіден, ҚҚС түсуіне импортқа коронавирус індетінің таралуы ықпал етті. Атап айтқанда, үшінші елдерден импорттың азаюы 68 млн долларды құрады. Импорттың азаюына байланысты салық түсімдері 11,4 мың салық төлеушіден негізінен 49,1 млрд теңгеге төмендеді, көтерме жә­не бөлшек сауда бойынша – 6,5 мың салық төлеушіден, өңдеу өнеркә­сі­бінде – 1,3 мың, тау-кен өндіру өнеркәсібі – 130 салық төлеушіден.
Сонымен қатар коронавирустың таралуы ҚХР-дан келетін автокөлік құралдары санының 29,3%-ға, ЕАЭО елдерінен келетіндерінің 17,8%-ға төмендеуіне әкелді.
Анықтама: биыл наурызда 2019 жылдың наурыз айымен салыс­тырғанда ҚХР-дан келетін импорт 20,3% немесе 61 млн долларға төмендеді. Соның салдарынан кеден салығы мен ҚХР-дан келетін тауарлар импортынан түсетін салықтар 15,5% немесе 2,8 млрд теңгеге азайды. 
Екіншіден, КТС бойынша орындалмау негізгі экспорт позицияларына бағаның төмендеуіне ықпал етті: шикі мұнай бойынша 22,1%, мырышқа – 20,8%, мысқа – 9,4%, алюминийге – 9,7%, қорғасынға – 10,1%, феррохромға – 11,6%. Бұл ретте республикалық бюджетке КТС төлейтін ірі 1 796 кәсіпорынның өткізу бойынша айналымдары 3,4%-ға төмендеді (8,9 трлн теңгеден 8,6 трлн теңгеге дейін).
Үшіншіден, кәсіпкерлік белсен­діліктің төмендеуіне байланысты ҚҚС бойынша жоспар 132 млрд теңге сомасына орындалмады. 8 сәуір­де қабылданған нақтыланған респуб­ликалық бюджетте кірістер бойынша жылдық жоспар 6,4 трлн теңгені құрады. Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 134 млрд теңгеге асыра орындалып, 759 млрд теңгені құра­ды. Асыра орындау негізінен салық­тар есебінен мүмкін болды – 127 млрд теңге. Кірістер бойынша жос­пар барлық өңірде асыра орын­далды.
Республикалық бюджет шы­ғыс­тары 2,9 трлн теңгені құрады. Жергілікті бюджеттердің шығыс­тары 1,2 трлн теңге болды. Есепті кезеңде аудиторлық шаралар жалғас­ты. 512 аудиторлық шара жүргізілді. 249 млрд теңге бюджет қара­жаты қамтылды. 91 млрд теңгеге қар­жылық бұзушылықтар анықталды.
2016-2020 жылдарға арналған же­кешелендірудің кешенді жоспары 93,2%-ға орындалды. 2020 жылы 68 нысанды өткізу жоспарланған. Соның ішінде 37-сі сатуға қойылды. Есепті кезеңде 3,2 млрд теңгеге 6 нысан сатылды, 31 нысан сатуға қойылды. 3 нысан қайта құру мен таратуға бағытталды. 28 нысан жыл соңына дейін сатуға қойылады.
Қаржы министрлігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – нақтыланған бюджетте әлеуметтік салаға, кәсіпкерлерді қолдауға қарас­тырылған қаражатты тиісті мем­лекеттік органдармен бірлесіп түпкі алушыларға дейін уақтылы жеткізу. Жыл бойы ведомство өсу қарқынын төмендетпей, кірістер бойынша нақ­тыланған жоспарды орындауды қам­тамасыз ететін болады.

21 сәуір 2020 ж. 22 096 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930