КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ 47 ПАЙЫЗЫ – ӘЙЕЛДЕР
Орталық коммуникациялар қызметінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамыту тақырыбына арналған баспасөз конференциясында қазақстандық әйелдер еліміздің жалпы ішкі өнімінің 40 пайызын қалыптастырып отырғаны айтылды. Бұл – мақтанатын жағдай.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, Жамбыл облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова, Атырау облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Әлия Бекқожа, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Гүлмира Шажанбаева қатысқан мәслихатта Парламентте әйелдердің үлесі 30 пайызды құрайтыны да айтылды. Мемлекеттік әйел қызметкерлердің үлесі – 55%.
Бизнестің дамуына әйелдердің қосып отырған үлесі жылдан-жылға артып келеді. Жеке кәсіпкерлердің 47 пайызын әйелдер құрайды, заңды тұлғалардың 26 пайызы әйелдер, Шаруа қожалықтарын 19% қыз-келіншектер басқарады. Бұл туралы Ләззат Рамазанова: «Жалпы статистикаға қарасақ, әйелдердің 40 пайызы ауылды жерде тұрады. Оларға барлығы жеткілікті деп ойлаймыз, алайда олай емес. Әдетте оқуға түспей қалған қызды бағы жанбай қалды деп айтады. Мүмкін, ол қыздың бағы үйде шығар. Осындай қыз-келіншектерге қолдау көрсетіп, кәсіпкерлікке баулығымыз келеді. Әйелдер өзіне қажетті ақпаратты тез түсінеді. Бизнеске барам деген қыз-келіншектерге қолдау көрсетіліп отыр. «Атамекен» «Бастау-Бизнесті» ауылға жеткізгеніне бір жыл болды. Көптеген арулар жобаларын қорғап, жеке кәсібін ашты. Оған қоғам да атсалысып жатыр», – деді.
Іскер әйелдер кеңесі төрайымының айтуынша, кәсіпкерлікті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мен дамыту – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басым бағыттарының бірі. Ұлттық палата кеңес беруші орган ретінде бірінші болып Іскер әйелдер кеңесін құрды. Республиканың түкпір-түкпірінде іскер әйелдердің тыныс-тіршілігі жайында Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің мүшелері әңгімелеп берді.
– Ұлттық палата қалыптастырған жүйе мен кәсіпкер әйелдердің ынта-жігерінің арқасында аудандар мен ауылдық округтерге дейін жеттік. Осылайша, Іскер әйелдер кеңесі республика бойынша қанатын жайып, іскер қыз-келіншектер басқарып отырған 16 өңірлік кеңес пен аудан орталықтарында 170 кеңес беру бөлімшесі ашылды, – дейді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.
Атырау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Әлия Бекқожа бизнестегі қыз-келіншектердің рөлі жайында былай деді:
– Бүгінде кеңес бөлімшелері ауылдағы әйелдердің басын біріктірді. Кешегі әйел кәсіпкер бүгінде үлкен кәсіпорын, зауыттың басшысына айналды. Отбасы, балаларын сақтап қалу үшін жол дорбасын алып, нарыққа шықты. Сол қыз-келіншектер бүгінде ірі-ірі кәсіпорындар ашты. Олар барлығына үлгеруде – бала тәрбиесіне де, қазан-ошаққа да. Күні бүгін осы әйелдер көмекке, қайырымдылық жасауға дайын тұрады.
Атырау облысындағы Іскер әйелдер кеңесі 25 баланы қамқорлыққа алды, тіл оқыту, байқауларда сүйемелдеді. Жалпы, іскер әйелдер қызметіне жергілікті әкімдік те жақсы баға беріп отыр. Әйелдің рөлі тек отбасында емес, жалпы қоғамда үлкен мәнге ие бола бастады.
Наурыз айы басталысымен Таразда Іскер әйелдер форумы өтті. Бұл форум өзгеше өтіп, ауылдағы қыз-келіншектердің басын біріктірді. «Әдетте қорытындыны арулар өз мерекелеріне қарай жасайды, сондықтан форум 2 наурыз күні өтті. Қалалық әйелдердің тренерлер, білікті мамандармен кездесуге мүмкіндіктері көбірек, ал ауылдағы әйелдерде мұндай мүмкіндіктер бола бермейді. Осы форумда кәсіпкер әйелдер өздерінің біліктілігі мен білімінің аздау екеніне көзі жетті. Өзекті сұрақтар қойылды. Елбасының бес әлеуметтік бастамасы іскер әйелдерді қолдауға бағытталғанын сездік», – деді Жамбыл облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова.
Таразда өткен форумда индустриялық аймақтарды дұрыс қолдану, ЖОО-да кәсіпкерлікті оқыту бағдарламалары, ет-сүт өнімін сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алудың ұзаққа созылуы, қоғамдық білім беретін орталықтар мәселесі көтерілді. Өңірлік әскер әйелдер кеңесі осы түйіндерді шешу бағытында жұмыс істемек.
Баспасөз конференциясы барысында мегополис іскерлік кеңістігі, қала мен ауыл кәсіпкерлігінің айырмашылығы жайында Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Гүлмира Шажанбаева баяндады. «Әйелдердің мисссиясы – бала туу, тәрбиелеу, табысты ұрпақты қалыптастыру. Бүгінде Іскер әйелдер қозғалысы өкілі ретінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметін дамыту мен жетілдіру жолында жүрміз. Биыл Қазақ гуманитарлық заң университеті базасы арқылы әйелдерге өз бизнесіне жүйелі тұрғыда келуге көмектесу үшін тегін шеберлік сабақтар өткізбекпіз. Бұдан басқа стартап жобаларды қаржыландыру бойынша гранттар ұсындық», – деді.
Сонымен қатар Гүлмира Шажанбаева әйелдердің әлеуметтік жауапкершілігі жайында да ой бөлісті. Кәсіпкер әйелдер қайырымдылыққа уақыт пен қаржы жұмсайды. Әлеуеті төмен отбасыларға, жүкті әйелдерге көмек көрсетеді. Іскер әйелдер кеңесі өз ресурсын тиімді пайдалану үшін барынша үлкен ауқымды қамтуды көздейді.
«Атамекеннің» Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Шұға Наурызбаева Елбасының шағын несие беру көлемін ұлғайтып, оны іскер әйелдерге беру керек екенін, оны әйелдер көбейтіп қайтаратынын тілге тиек етті. Сонымен қатар спикер кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі мен қайырымдылық мәдениетін арттыруға бағытталған «Атамекенім» акциясына тоқталды.
Кәсіпкерлік тәуекелге баруға жетелейді. Жүзден он ғана адам тәуекелге бел буады, кәсіп ашады. Жалпы, әйелдердің әлеуметтік тәуекелі көп, кешегі жұмыс істеп отырған әйелдің, зейнетке шыққанда тәуекелі көбейеді. Міне, осындай әйелдер өз мүмкіндіктерін СММ бизнесінде сынап көруі керек, бірақ бұл бизнес заңды тұрғыда тіркелуі тиіс. Кәсіпкерлік – арман-мақсатты жүзеге асыру мүмкіндігі. Бүгінде өңірлік деңгейде өңірлік салалық қауымдастықтар құрылуда. «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесі осы идеяны қолдайды.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда арулардың алға қойған мақсаттары көп, міндеттерін өздері түсініп отыр. Ендігі жерде оларға кез келген жағдайда, кез келген ортада қолдау керек.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ