» » Әлемдегі ең «ақылды» қалалар анықталды

Әлемдегі ең «ақылды» қалалар анықталды


Зерттеуді Juniper Research компаниясы жүргізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Кapital.kz сайтына сілтеме жасап.

Intel корпорациясының қолдауымен өткен зерттеудің нәтижелері бойынша 20 қала «ақылды» деген тұжырымдамаға сәйкес келген. Бұл тізімге қаладағы басқару жүйесінде Интернет-технологияларды максималды түрде қолданатын және көліктік инфрақұрылымды жақсарту, денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін елді мекендер енді.
Сингапур қаласы екінші жыл қатарынан рейтингте бірінші орында тұр. Business Insider компаниясының хабарлауынша, Сингапур барлық санаттар бойынша жоғары болған. Мысалы, ол қалада жол желісі өте жақсы ойластырылған, бұл кептелісті азайтуға және осылайша тұрғындардың қозғалысын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, арнайы медициналық қосымшалары да адамдарға өз денсаулығын бақылауға және дәрігерлермен қашықтықтан байланыса алады. Сондай-ақ, Сингапурда құқық бұзушылықтарды жедел табуға мүмкіндік беретін, бейнебақылау жүйесі жақсы дамыған.
Сингапурдан кейін рейтингте Лондон, Нью-Йорк, Сан-Франциско және Чикаго қалалары бар. Тізімдегі 20 қаланың ішіне Қытайдың үш қаласы және Үндістанның Бхубанешвар қаласы енді. Өткен жылы да Сингапур рейтингтің басында болды. Одан кейін, Барселона, Лондон, Сан-Франциско және Осло қалалары тұрған. Биылғы жылы Каталонияның бас қаласы тоғызыншы орынға шықты, ал Норвегия астанасы тізімге енгізілмеген.

14 наурыз 2018 ж. 803 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30