"ПАТРОНАЖДЫ МЕДБИКЕ» МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?
Облыста "Патронажды медбике" мобильді қосымшасы іске қосылған. Мобильді жүйе медбикелер мен ата-аналардың бала күтіміне көмектеседі.
Айталық, жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығына қатысты деректер жиналады және тіркеу бойынша қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, 3 жасқа дейінгі балалар денсаулығын, отбасының тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын, жүкті әйелдің денсаулығына қауіп-қатерді бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мобильді қосымшамен барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медбикелері жұмыс істей алады. Сондай-ақ, ата-аналар мен болашақ аналар видео және оқу материалдары түрінде көмек ала алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының денсаулық сақтауды ақпараттандыру бөлімінің басшысы Ғалымжан Қазиев мәлімдеді.