» » Нан бағасы қымбаттай ма?

Нан бағасы қымбаттай ма?

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлім еткендей, бүгінгі күні Қазақстанда нан құнын арттыратын алғышарттар жоқ.

«Бүгінгі таңда Қазақстан нарығында да, әлемдік нарықта да бидай бағасының өсуі байқалады. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған қалыптық нан әлеуметтік нан санатына жатады, яғни бағаны реттеу жүргізілетін тауарлар тізбесіне енгізілген. Өңірлердегі әлеуметтік нанның бағасы тұрақты. Қазір бидайға немесе ұнға деген сұраныс жоқ. Бидай мен ұн нарықта жеткілікті мөлшерде», деді Азат Сұлтанов брифингте.

Сонымен қатар ол әлеуметтік нан бағасының өсуі жағдайында үкімет мемлекеттік реттеу шараларына жүгінетінін айтты.

«Кейіннен, егер бидай бағасының өсуі шын мәнінде болса, бұл ұн бағасының өсуіне алып келеді және нан бағасына қатысты мәселелер туындауы мүмкін, онда заңда көзделген шаралар шеңберінде бағаны реттеу, тұрақтандыру тетіктері, оның ішінде кейіннен нан пісіру кәсіпорындарына беру үшін ұн тарту кәсіпорындарына «азық-түлік корпорациясының» резервтерінен астық көлемінің бір бөлігін жөнелту жолымен енгізілетін болады. Нан өндіру үшін шикізат бағасы көтерілген жағдайда Үкімет тарапынан шаралар енгізілетін болады. Әлеуметтік нан бағасының күрт өсуі болмайды», деп сендірді ведомство өкілі.

29 қыркүйек 2021 ж. 2 225 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 193

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031