ТОҒЫЗ АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Мәжілісте мұнан бөлек ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 9 айда орындалуы, “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының орындалуы және кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасқанын жеткізді. Бөлім басшысы үш көрсеткіш бойынша орындалу барысы төмен екенін де жасырмады.

Мәжілісте “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалу барысы да қаралды. Бұл жайында баяндама жасаған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Эльмира Құттымбетова қайтарымсыз қаражатқа ие болған жергілікті халықтың басым бөлігі бүгінде қолға алған жобаларының жемісін көріп отырғанын жеткізді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе ауданда кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар болды. Бұл жөнінде баяндама жасаған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ғабит Ерболұлы әлі де бұл бағытта жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Ерлан СОЗАҚБАЕВ