Қазақстандағы ет бағасы қымбат қалалар тізімі анықталды
Қазақстан қалалары ішінде еттің ең жоғары бағасы Алматы мен Астанада белгіленді, деп хабарлайды Energyprom.kz-ке сілтеме беріп zhalagash-zharshysy.kz
2022 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда сүйектері бар сиыр етінің орташа бөлшек сауда бағасы бір килограмм үшін 2 236 теңгені құрады. Қой етінің бағасы 2 418 теңгеге дейін, ал жылқы еті 2 603 теңгеге дейін қымбаттады.
Алты ай қатарынан 1 000 теңгеден асатын тауық бағасы қаңтар айының соңында бір келісі үшін 1 075 теңге болса, ал шошқа еті 1 855 теңгеге дейін қымбаттады.
Елордада сиыр еті (2 506 теңге), қой еті (2 987 теңге), жылқы еті (3 015 теңге) және тауық еті бағасы (1 208 теңге) көтерілген. Алматыда сиыр еті – 2 325 теңге, қой еті – 2 920 теңге, шошқа еті – 2 060 теңге, жылқы еті – 2 939 теңге.
Алматы әкімдігі ет дүкендері іске қосылғанын хабарлады. Онда сиыр етінің төс-жауырын бөлігін келісіне 2050 теңгеден сатып алуға болады, бұл қала бойынша орташа бағадан 13,5%-ға төмен.
Мұндай бағадағы ет сөрелерге шыға салғаннан кейін бірнеше сағат ішінде сатылып кетеді және түскі ас уақытынан кейін оны табу мүмкін болмай қалады.
Айта кетейік, 2021 жылы ет бағасы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,6%-ға өсті. Бір жыл бұрын баға 12,7%-ға өскен еді.
Былтыр ет пен құс етінің бағасы Маңғыстау облысында бірден 14% -ға өсті. Шымкент пен Түркістан облысында да айтарлықтай өсім байқалды, тиісінше 11,8% және 11,3%. Астана мен Алматыда ет пен құс еті тиісінше 8%-ға және 8,2% -ға қымбаттады, ал баға қатты өспеген өңір қатарында Қызылорда (5,4%), Солтүстік Қазақстан (5,6%) және Қостанай (5,9% - ға) болды.