Бастапқы жарнасыз: Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің шарттары жарияланды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінетін қаржының көлемін және шарттарын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жасыл даму" АҚ (бұрынғы даму "РОП операторы" ЖШС) есепшоттарында 200 миллиард теңгеден астам қаржы қалды.
"Осы қаражатты халық игілігі үшін жұмсалуы қажет. Осы ақшадан 100 миллиард теңгені отандық көлікті сатып алуға арналған жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінеді", - деді Скляр "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында.
Вице-премьер бағдарлама шарттарын да айтты.
"Автонесиенің жылдық мөшерлемесі 4 процент болады. Ал алғашқы жарна болмайды. Несиенің мерзімі 7 жыл. Жеңілдетілген автонесиенің қымбат емес көліктерге беріледі. Осылайша, 71 мың адам жаңа көлікті қолжетімді бағамен ала алады", - деп атап көрсетті Скляр.
Бүгінде отандық өндірістің келесі брендтері қолжетімді: Hyundai, JAC, Chevrolet, KIA және LADA.
Айта кетері, бұған дейінгі автокредит бағдарламасы жылдық мөлшерлеме 7 процент, ал мерзімі 7 жыл болған. Бірақ алғашқы жарнасы ретінде 20 процентті құю міндеті болды. Сосын 15 миллионға дейінгі көліктерді рәсімдеуге мүмкіндік берілген.