» » Елімізде банктерге зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге бөлінбек

Елімізде банктерге зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге бөлінбек


Мемлекет өз бетінше аяққа тұра алмаған екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына тағы да жәрдем бермек. Яғни, екінші деңгейлі банктерге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге бөлінбек, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сонымен қатар, «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына тағы 200 миллиард теңге бөлінгелі отыр. Бұл қаражат халықты ипотекалық несиелендіруге жұмсалады.
Болжам бойынша, аталған қаражат келешекте 1 триллион теңгеге дейін өсуі тиіс. Осы арқылы қаржы ұйымдары ипотекалық несиелендіру көлемін 2 триллионға дейін арттыра алады.
«Тұтастай алғанда, банк секторының тұрақтылығын арттыру бағдарламасы, «7-20-25» бағдарламасы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі жаңа қарыздарды қосқанда банктердегі ұзақ қордың жалпы сомасы алдағы бір жарым-екі жылда 3,5 триллион теңгеге ұлғаяды», – дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.


http://stan.kz
13 маусым 2018 ж. 797 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930