» » Ендігі ипотекалық қарызын төлей алмағандарды ешкім үйінен қуып шықпайды

Ендігі ипотекалық қарызын төлей алмағандарды ешкім үйінен қуып шықпайды


Президент тапсырмасынан кейін Ұлттық банк қайта қаржыландыру бағдарламасын жаңадан қарап жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық қарыз иелеріне қатысты. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге қарызын төлей алмай қалғандарды үйінен қуып шықпай, басқа жолдарын қарастыруды ұсынып отыр. Басқа қандай жолдарын табуға болатынын қазіргі уақытта қаржы ұйымдарымен бірігіп қарастыруда. Қаңтардың басында ғана Елбасы Ұлттық банкке ипотекалық қарызын өтей алмай жүргендердің мәселесін шешу жөнінде тапсырма берген болатын. Президент тапсырмасы бойынша, тек 2016 жылға дейін берілген ипотекалар мәселесі қарастырылмақ.
“Осы кезден бастап банктер ипотекалық қарызы барларды үйлерінен шығаруды тоқтатты. Осы күнге дейін 23 мың қарыз иесі қайта қаржыландырылып, баспаналарын сақтап қалған еді. Алдағы уақытта бағдарлама бойынша тағы 25 мың ипотеканы қайта қаржыландыру жоспарланып отыр”, – дейді ҚР ҰБ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бөлімінің бастығы Мениса Хуснутдинова.


http://stan.kz
03 ақпан 2018 ж. 922 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031