» » Forbes: Блокчейн – ақиқат, биткойн – елес. Неге?

Forbes: Блокчейн – ақиқат, биткойн – елес. Неге?


Соңғы он жылдың ішінде биткоин қарапайым құмарлық оятатын тақырыптан қолданысқа енген дүниеге айналды. Бағасы бір көтеріліп, бір түскен биткойн қазір 16 мың доллар тұрады, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі 
Forbes басылымына сілтеме жасап.

Бикойн бағасының соңғы екі жылда 3 есеге өскені ерекше таңғалдырады. Бүгінгі таңда қолданыстағы барлық Bitcoin-ның жалпы құны 170 миллиард долларды құрап отыр. Бұл McDonald's-тың нарықтық капиталынан да көп көрсеткішті құрайды. Дегенмен, McDonald's-тың әлемнің түкпір-түкпірінде сауда орындары бар, ал Bitcoin виртуалды валюта, оның тіпті шынайы өмірге өтуі де мүмкін емес сыңайлы.

Биткойн – мираж

Биткойнның бағасы соңғы уақытта көз ілеспес жылдамдықпен артып келеді. Дегенмен, бұл тенденция сақталуы үшін, биткойн ұзақ мерзімді құндылығын сақтап қалуы үшін цифрлық валюта айырбас құралына айналуы керек. Солай болғанда ғана оның бағасы арта бермек. Дегенмен, биткойнды шынайы ақша ретінде қабылдау қиын. Тіпті, биткойнға шынайы ақшаға айналу үшін дизайн да кедергі келтіріп отыр.
Шынайы ақшаға айналуы үшін биткойн өмірге бейімделіп, құндылықты тұрақты сақтап тұра алатын деңгейге жетуі керек. Бірақ биткойнның құбылмалылығынан бұған қол жеткізу мүмкін емес. Тіпті, биткойнның бағасы да бірде едәуір артып, бірде кеміп, өте алшақ көрсеткіште құбылып отырады. Кейде бір күннің ішінде бағасы 20 пайыздан артық көбейіп кетуі де, кеміп кетуі де мүмкін. Биткойн қолданысы енді ғана артып жатқандықтан, тұрақтылық орнауы да мүмкін. Бірақ сұраныс мәселесі тағы бар.
Тағы бір айта кететініміз – криптовалюта шектеулі болғанымен, кез келген адам жаңа криптовалюта жасай алады. Мысалы, есірткі тасымалындағы транзакцияларды жеңілдету үшін Potcoin криптовалютасы құрылған. Ал биткойн утилитасы айырбас құралы ретінде қатты шектелген. Яғни, криптовалютаны қолдану артқанымен, мемлекеттер үкіметі оның кең тарауына жол бере қоюы екіталай. Себебі кез келген үкімет саясатты бақылап отыру үшін өзі қолдап отырған валютаны сақтап қалғысы келеді. Бұның ішінде әсіресе фискальды саясат пен ақша мәселесі маңызды рөл атқарады. Банктер мен қаржы ұйымдары болса Биткойн секілді криптотерминдерге қарсы тұру үшін өздерінің криптоковерсияларын жасауы да бек мүмкін.

Blockchain-ның болашағынан үміт бар

Биткойнның болашағы туралы нақты болжам жасау қиын болғанымен, осы ретте Биткойн мен Блокчейн ұғымын ажыратып алғанымыз жөн. Блокчейн – желіде ақпараттарды сақтайтын белгілі бір тәртіп бойынша құрылған блоктар тізбегі. Оған енгізілген мәлімет шифрланып, өзгертуге келмейді. Бүгінгі таңда ол криптовалюталардағы транзакциялар жүргізу барысында кеңінен қолданылып жүр. Биткойндағы блокчейннің бір кемшілігі – жеке мәліметтер рұқсатсыз ашылмайды. Яғни, биткойнның заңсыздығы туралы әңгіме осыдан туындап жүргенін байқауға болады.
Негізінен, блокчейн технологиясының мүмкіндіктері көп. Сондай-ақ оны әртүрлі салаларда қолдану мүмкіндігі бар. Мысалы, блоксхемалар жылдамдықты арттырып, мәліметтер сыйымдылығын көбейте алады. Қазіргі таңда блокчейнді тек биткойнмен немесе криптовалютамен байланыста ғана қабылдап, екі ұғымды қатар қолдану дұрыс емес.
Blockchain технологиясын қолдану аясы кең, оны қолдануға болатын салалар да сан алуан. Мысалы, банктер блокчейнді қауіпсіз, арзан әрі жылдам транзакция үшін қолдана алады. Қаржы транзакцияларынан бөлек бұл технология заңды құжаттардың, медициналық жазбалардың, құнды қағаздардың бар екенін дәлелдеу үшін тапстырмас құрал.
Қорыта келе айтарымыз, биткойнның шынайы ақшаға айналу-айналмауы туралы болжам көп. Дегенмен, екеуін қатар қолдану дұрыс емес. Біздің ойымызша, биткойнның төңірегінде көп әңгіме өрбіте бермей, блокчейн технологиясына баса назар аудару керек.

Ағылшын тілінен аударған
Алтынай Қуанышбек
Baq.kz
14 маусым 2018 ж. 623 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930