» » Қазақстандықтар мемлекетке кірісі туралы есеп беретін болады

Қазақстандықтар мемлекетке кірісі туралы есеп беретін болады


2020 жылдан бастап қазақстандықтар кірісі мен мүлкі туралы есеп береді.


ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап активтері мен міндеттемелері туралы кімдердің декларация көрсетуі тиіс екенін айтты. Олар:
  • Кәмелет жасына толған Қазақстан Республикасының барлы0 азаматтары, соның ішінде оралмандар мен бір жерде тұруға рұқсат қағазы бар адамдар.
  • Қандай да бір мүлік пен жер үлесіне ие кәмелетке толмаған тұлғалар.
  • Қазақстан Республикасы аумағында мүлігі бар шетелдіктер.
Аталған талаптар бойынша 2020 жылы декларация көрсететіндер саны – 12 млн 900 мың адам. Олардың 7 млн 400 мыңы қала тұрғындары, қалған 5,5 млн адам ауылдық жерде тұрады.

«Үйіңізде сақтап отырған қолдағы қаражатыңыздың бәрін көрсетесіз. Егер сома 12 млн теңгеден асып кетсе, банктен шот ашып, қаражатты сонда салуыңыз керек. Ал кәмелетке толмағандар үшін олардың ата-аналары, болмаса қамқоршылары ЖСН арқылы декларация көрсете алады. Қаржыны қайдан алғаныңызды растау керек емес. Алдағы уақытта өзіміз мониторинг жүргіземіз», – деді Мәди Такиев.

Декларациялау жүйесін жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктерін тексеру, сондай-ақ көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық фактілерімен күресу мақсатында жүргізіледі.

«Декларациялау жүйесіне кірместен бұрын жеке тұлғаның 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша несиелік, дебиторлық қарыз, қолма қол ақша, банк шоты секілді барлық мүлкі көрсетілетін «№250 Форма» атты кіру декларациясы ұсынылады. Декларацияны көрсетудің екі мерзімі бар: қағаз арқылы 15 шілдеге дейін; электронды түрде 15 қыркүйекке дейін. Әрі қарай жыл сайын «№260 Форма» қысқаша декларациясын жылжымайтын мүлік, жер, көлігінің қатысынсыз еңбекақы алатын студенттер, зейнеткерлер мен азаматтар ұсынады. Кеңейтілген декларацияда мүлік, жер, инвестициялық алтынды өткізу арқылы тапқан барлық кіріс көрсетіледі», – деді Такиев.




https://baribar.kz

19 шілде 2018 ж. 697 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930