» » Салықтық тексерулер cаны қысқарды

Салықтық тексерулер cаны қысқарды


Салықтық тексерулер саны 2016 жылмен салыстырғанда 45% қысқартылды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірісітер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2017 жылғы есептеулер нәтижелері бойынша, салықтық төлем 106.3% орындалып, бюджетке 8 трлн 812 млрд теңге түсті. Соның ішінде мелекеттік бюджет 101% орындалды. 95 млрд теңге жоспардан артық орындалып, бюджетке 6,8 трлн теңге түсті» , - деді Мәди Такиев.

Оның айтуынша, салықтық тексерулер саны 2016 жылмен салыстырғанда 45% қысқарған. Жаңа салық кодексінің шеңберінде, жоспардан тыс салықтық тексерулердің негіздері қайта қаралып, 32 ден 12-ге қысқарған.

«Мемлекеттік кірістер органы үнемі ҚҚС қайтаруды жеделдету бойынша шаралар жүргізеді. 2017 жылдың соңында бюджеттен қайтарылған ҚҚС (қосылған құн салығы) сомасы 612,1 млрд теңгені құраған болатын. Ал, осы жылдың алғашқы 3 айында бюджеттен 118 млрд теңге қайтарылды. Ірі төлемдерді қоспағанда, соңғы үш жылда бюджеттен ҚҚС қайтару сомасы 300-400 млрд теңгеге жетті», -деді төраға орынбасары.

Осылайша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары 48 мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен. Оның ішінде 29-салықтық, 19-кедендік бағыттағы қызметтер. Қызмет түрінің 32-сі электронды түрде орындалған. 2018 жылы мемлекеттік қызметтер саны қысқаратын болады.


09 сәуір 2018 ж. 853 1

Гость Jeaplause от 13 ақпан 2019 08:25
Suhagra 100 Discount Los Angeles cialis Propecia E Fiv

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930