» » Қазақстандық дәрігерлердің жалақысы қашан және қаншалықты өседі

Қазақстандық дәрігерлердің жалақысы қашан және қаншалықты өседі

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қазақстандық дәрігерлердің жалақысы қашан және қаншалықты өсетінін айтты.


Бұл туралы «Алматы» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бүгінде отандық дәрігерлердің жұмысы мен міндеті көп, ал сол үшін алатын еңбекақысы атқаратын жұмысына сай емес екендігі жөнінде жиі айтылады. Алайда осыған қарамастан медициналық жоғары оқу орындарын таңдайтын талапкерлер саны аз емес. Өз кезегінде денсаулық сақтау вице-министрі аталған мамандықтың талапкерлер арасында неліктен жоғары екенін түсіндірді.

“Қашан да дәрігердің мамандығы беделді саналады. Тиісінше, медициналық ЖОО-ларды байқау үнемі жоғары болып келеді. Сәйкесінше, басқа ЖОО-лармен салыстырғанда, медициналық жоғары оқу орындарына «Алтын белгі» иегерлері де көптеп түседі”, – дейді Ақтаева.
Вице-министрдің мәліметінше, алдағы уақытта қазақстандық дәрігерлердің жалақысы көтерілетін болады.

“2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап алғашқы санитарлық көмек дәрігерлері мен жедел жәрдем дәрігерлерінің жалақысы 20 пайызға өседі. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 37 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінеді”, – дейді денсаулық сақтау вице-министрі.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстандағы жалақысы әрі жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары мамандық белгілі болғаны туралы жазған едік.

Stan.kz


17 тамыз 2018 ж. 960 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930