ЖАРТЫ ЖЫЛДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР
Аудандық мәслихаттың кезекті 27-сессиясында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді.
Алдымен, сессия төрағасы Ә.Нұржан жиында қаралатын 2 мәселені назарға ұсынып, мәжіліс регламентін бекітіп алды. Содан соң күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан әкімінің мәслихат депутаттары алдындағы есебі тыңдалды.
– Аудан дамуының басымдықтары Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіне және облыс, аудан әкімдерінің 2018 жылға арналған іс-қимыл жоспарларына сәйкес бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Есепті мерзімде ауданда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үздіксіз жүргізіліп, даму көрсеткіштері артты, – деді аудан басшысы.
Халықты таза сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – бүгінгі таңдағы басты назарда тұрған міндеттердің бірі. Осы бағытта үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен М.Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту өтпелі жұмыстарының құрылысына 356,1 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын тұр. Сонымен қатар, бұған дейін жоба-сметалық құжаттары әзірленген Мақпалкөл, Аққыр және Жаңадария ауылдық округтерінде де ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына бастапқы қаржы бөлініп, құрылысшылар жұмысқа кірісті.
Аудан әкімі егін саласының жайына да тоқталды. Мәселен, күтімге алынған күріш дақылының 15320 гектары көңіл қуантарлық деңгейде болса, 6374 гектар алқап егістігіне «орташа» деген баға берді. Ал қалған 654 гектары қанағаттанарлық жағдайда болып отыр.
Бүгінгі күні жасыл технология өміріміздің барлық саласына енгізіліп келе жатқаны баршамызға мәлім. Оған дәлел – маусым айында БҰҰ Даму бағдарламасы шеңберінде іске қосылған Таң ауылдық округіндегі оазистік суару жобасы. Жобаны жүзеге асыру барысында күн және жел күшімен электроэнергиясын өңдейтін технология іске қосылды. Тамшылатып суару әдісімен 3 гектар жерге алма ағаштары, 2 гектар жерге көкөніс дақылдары егілді.
Соңғы жылдары мал шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтардың қатары артты. Атакәсіпті қайта жандандырған ауылдағы ағайындар ет, сүт өнімдерін саудаға мол шығара бастады. Бұған мүмкіндік берген мемлекеттік бағдарламаларға ауыл халқы дән риза. Оның игілігін көрген азаматтар қазіргі таңда бастаған кәсібін одан әрі дамытып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.
Айта кету керек, аудан бойынша 146 шаруашылық пен жеке тұлғалардың бірігуімен 41 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды. Осы құрылған кооперативтерінің ішінде нәтижелі жұмыс жасап жатқандары да бар. Атап айтсақ, «Табыс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «Елу ел» бағдарламасы аясында алынған несиеге 309 бас МІҚ малын бордақылап, 4,5 тонна өнім өндірген. Ал, «Аққұм бірлік» кооперативінің 5 мүшесі «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 1 млн. теңгеден несие алып, мал бордақылаумен айналысуда.
Соңғы жылдарды мемлекет тарапынан әлеуметтің әлеуетін арттыруды көздейтін көптеген бағдарламалар әзірленді. Бұл жұмыссыздық мәселесін түбегейлі жоймаса да іскер азаматтардың кәсібіне жан бітірді. Жалпы, аудан бойынша жыл басынан бері 354 жаңа жұмыс орындары ашылып, 571 адам жұмысқа тартылған. Ал статистика мәліметтеріне сәйкес екі қолға бір күрек таппай жүргендердің қатары әлі де 5 пайыздан асып жығылады екен. Десе де, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмен көрсеткіш екені байқалады.
Жұмыссыздық мәселесін шешуді көздейтін «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырыла бастағалы кент және алыс-жақын ауылдағы жұмыссыз жүрген ағайындар кәсіп ашып, бастаған істерін одан әрі дөңгелетуге кірісті. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар да сессия отырысында айтылды.
Бұл бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен қаралған қаржыға 47 адам курстарға жолданып, 2,3 млн теңге төленген. Ал, екінші бағыт бойынша 40 өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамға 113,6 млн теңге шағын несие беріліпті. Сонымен бірге, үшінші бағыт бойынша 945 адамға жұмысқа орналастыру бойынша қолдау шаралары көрсетілді. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 58 адам, жастар тәжірибесіне 120 жас маман жастар практикасына жіберілсе, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 366 адам тартылған.
Баяндамада барлық саланы қамтыған аудан әкімі электр жүйелерін жаңғырту, газдандыру секілді өзекті мәселелерді де назарға ұсынып, алда тұрған міндеттерді де атап өтті.
Сессияда қаралған негізгі мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттары сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселеге сәйкес көпшіліктің дауысымен аудандық мәслихаттың келесі сессиясының төрағалығына №12 “Еңбек” сайлау округі бойынша депутат Төребек Төлегенов сайланды.
Н.ҚАЗБЕКОВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).