» » ҚАМБА ДӘНГЕ ТОЛАР КҮН ЖАҚЫН

ҚАМБА ДӘНГЕ ТОЛАР КҮН ЖАҚЫН

Ақсу ауылына қарасты «Сәрке батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш алқабына орақ түсті.

Баптай білсең, жер жомарт. Жер-Ананы күтіп-баптап, тер төксең, өнімді де төгіп береді. Серіктестік диқандары бірлік пен тынымсыз тірліктің арқасында биыл да бітік күріш өсірді. Мұнан басқа да ауданның бірқатар шаруашылықтары егістік атыздарды кептіріп, саралап оруды бастады. «Ендігі мақсат – ел ырысын ысырапсыз жинап алу» дейді серіктестікке қарасты «№1 бригадаға» жауапты басшы Пернебай Қарамендиев. Жалпы, егінге алғашқы орақ осы бригададан бас­тау алғаны тегін емес. Атыздағы күріштің әр сабағы алтын дәнді көтере алмай, төгіліп тұр. Диқандар бұйырса, әр гектардан 60 центнер өнім алуды межелеп отыр.
Алғашқы орақ салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтынбек­ Дәрібаев пен ауылдың диқан-меха­низаторлары, еңбек ардагерлері қа­тысты. Алғашқы орақтың лентасы қиылып, ардагер, ауданның құр­метті азаматы Байна Наршаева елге бере­келі мол өнім тілеп, батасын берді.

Серіктестік төрағасы Талғат Бо­дыбайдың айтуынша, биыл ша­руа­шылық 1400-ден аса гектар жерге күріш егіп, күтімге алды. Мұнда бар­лығы 150-ге жуық адам еңбек етеді. Егін жинау науқанына қаты­са­тын су жаңа жатка, комбайн­дары мен астық тасымалдайтын техникалары сақадай сай тұр. Егістіктегілер күзгі жиын-терім нау­қанын межелеген уақытта толық аяқтаймыз дейді.

Н.ҚАЗБЕКОВ.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 751 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930