» » Тері экспортына шектеу қойылады

Тері экспортына шектеу қойылады

Таяуда Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың төрағалығымен былғары кәсіпорындарын қолдауға арналған ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Алқалы жиында комиссия мүшелері сыртқы сауда саясатындағы мәселелерді, халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жайын, өңделмеген ірі қара малдың терісін экспорттауға тыйым салу тетіктерін қарастырды.

2


Қазақстандағы былғары кәсіпорын­дарына шикізат жетіспейтіндігі бұған дейін жиі айтылып жүрген жайттардың бірі екені белгілі. Мал терісінен жар­­тылай фабрикат және дайын өнім шы­ға­ратын кәсіпорындарды қажет­ті шикізатпен қамтамасыз ету мақ­сатында Инвестициялар және даму ми­нистрлігі 2016 жылдың қара­шасы­нан 2017 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасынан тыс­қары жерге өңделмеген ірі қара мал терісін шығармау жөніндегі бұйрық та шы­ғар­ған болатын. Министрлік­тің мәлі­­метіне сенсек, бұл шара нақты кәсіп­орындардың жұмысын жақ­сар­тып, өнімділігін арттыруға оң ық­па­лын тигізіпті. Осылайша 2015 жыл­­мен салыстырғанда дайын был­ғары өндірісінің көлемі 4,1 есеге ұлға­йып, 2017 жылы 15,5 млн шаршы дециметрді құраған. Мұндай оң динамика экспортта да байқалып отыр. Атап айтар болсақ, 2017 жылы иленген тері экспортының көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 91 процентке артып, 164,9 мың тоннадан ( 506,7 мың доллар) 315,8 тоннаға (803,3 мың доллар) дейін өсті. Иленген терілердің орташа экспорттық бағасы жартылай фабрикаттар бағасынан 4 есе жоғары екенін де айта кеткен жөн. Қазақта «тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық» деген сөз бар. Жеңіл өнеркәсіпте ең жиі қолданылатыны сиырдың терісі десек, бір сиырдан алынған тері шамамен 20 килоға дейін тартады екен. Тері қабылдайтын орындарда оның әр килосы үшін 300 теңге төлейтінін ескерсек, 6 мың теңгедей пайда түседі деген сөз. Өкінішке қарай, өзіміздің фабрикаларымызға шикізат жетпей жатқан тұста сойылған малдардың терілерінің басым көпшілігі шетел асып кетеді. Түркия, Қытай, Ресей сынды көршілес елдерде оны терең­детіп өңдеп, түрлі тауар әзірлеп, кейін Қазақ­стан нарығына ондаған есе қым­бат бағаға қайта сатады. Елімізде жыл сайын 7 миллионнан астам мал сойылып, алынған терілерінің 98 проценті шетелге шығарылады. Өз елімізде өңделетін терінің үлесі 2 процент шамасында ғана. Ендігі уақытта ірі қара мал терісін экспорттауды шектеу осы олқылықтың орнын толтыруға тиіс. Жалпы, Қазақстанда өңделген тері­нің негізгі тұтынушылары – отан­дық аяқ киім, тігін фабрикалары, ателье, былғары-галантерея, ер-тұрман цехтары. Ресей мен Түркияның аяқ киім фабрикалары да біздің өнімді тұ­ты­нады. Ал жартылай фабрикаттар не­гізінен Италия, Түркия, Үндістан, Қытай, Ресей, Испания, Португалия елдерінің нарығына шығарылады екен. Соңғы жылдары елімізде жеңіл өнеркәсіпті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау жасалып жатқаны белгілі. Мал терісін экспорттауға қа­тыс­­ты шектеу осы аталған саланың жү­гін жеңіл­детуге септігін тигізері сөзсіз. Киім, аяқ киім, галантерея өнім­­­дерін өндіру үшін шағын және ор­та бизнес кәсіпорындарын отандық ши­кі­­зат­пен толық қамтамасыз ету қа­жет екені түсінікті. Сонда ғана өнім­дер им­порттық өнімдермен бәсекелесе алады.

Арнұр АСҚАР,

egemen.kz

26 қыркүйек 2018 ж. 1 789 1

Гость Jeaplause от 16 ақпан 2019 16:53
Ordinare Viagra On Line Keflex Clotrimazole Cream And Towin Purchasing Keflex Online generic 5mg cialis best price How To Take Viagra Cialis Turkei Kaufen

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930