» » Арыстағы әрбір отбасы мүшесіне 100 мың теңгеден беріледі - Мамин

Арыстағы әрбір отбасы мүшесіне 100 мың теңгеден беріледі - Мамин

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына келіп, халықтың тұрмыс тіршілігімен танысты. Орын алған төтенше жағдайға байланысты жиын өткізіп, қаланы қалпына келтіру мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиында Үкімет басшысы Арыстағы әрбір отбасы мүшесіне, яғни 44 781 тұрғынға 100 мың теңгеден берілетінін айтты. Үкіметтен бөлінетін қаражат бір айдың ішінде тұрғындардың қолына тиеді. Ал, әскери қару-жарақ қоймасын көшіру 2 апта ішінде басталады. Асқар Мамин сондай-ақ, Арыстық кәсіпкерлерге 1 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілетінін жеткізді.
Бұдан бөлек, теміржолшылар қаласы алдағы екі  жылдың ішінде толық газдандырылады. Жаңадан бір аурухана салынатын болды. Қаладағы 4 мыңнан астам бала өзге өңірлерге жазғы демалысқа барады.  Қираған ғимараттар бір айдың көлемінде  қалпына келтіріліп, жарылғыш заттар екі аптаның ішінде қауіпсіз аймаққа көшіріледі. 
30 маусым 2019 ж. 875 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 854

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031