» » Өгей қыздарын азаптап келген түркістандық келіншекке қатысты сот үкімі шықты

Өгей қыздарын азаптап келген түркістандық келіншекке қатысты сот үкімі шықты



Өгей қыздарын азаптап келген түркістандық келіншекке сот шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Өрімдей үш қызды екі жылға жуық уақыт бойы азаптап келген Жұлдыз Көбеева 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Күйеуінің бірінші некеден туған балаларын аямай қинаған ол кінәлі деп танылған. Балалардың тырнағының астына ине тығып, мұздатқышқа қамап, ыстық суға отырғызып, білгенін істеген ол.
28 жастағы жетісайлық келіншек жақын күндері өз баласын дүниеге әкелген. Абақтыдан шыққанша 2 жасар ұлы күйеуінің қамқорлығында болатын болды. Ал, жаңа туған нәрестенің тағдырын шешу құзырлы органдардың құзіретінде. 
"Кішкентай баланың тағдыры қазір аудандық білім бөлімінің қорғаушы және қамқоршы мекемесінің қарауына, қорғаншылық қамқоршылық мәселесін шешу үшін сол кісілерге берілді. Ар жағын атқару жүйесі білім бөлімі өздері баланың тағдырын өздері шешеді", - дейді Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев.


https://stan.kz

02 шілде 2019 ж. 1 119 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 351

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031