» » "Тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеу туралы"

"Тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеу туралы"

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес зияткерлік меншік саласын қорғау және сақтаудағы отандық өнім тауарларын дараландырудың бірден бір тәсілі тауар шығарылған жерлердің атаулары болып табылады (бұдан әрі – ТШЖА).

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес, ТШЖА – ол елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгілеме, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шыққан жерімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы аумағында 46 ТШЖА тіркелген, оның ішінде 16 ұлттық, 30 шет елдік құқық иеленушілерге тиесілі.
Ұлттық ТШЖА ішінде «Сарыағаш» минералды суы, «Көкшетау» балмұздағы, «Шұбаркөл» көмірі, «Лепсинский» балы сияқты объектілері құқықтық қорғауға ие.
ТШЖА белгілі бір аумақты кеңінен дамытуға және туристтік саланың дамуына ықпал ететін зияткерлік меншік объектілері болып табылады.
Қазақстанның әрбір аумағы сол аймаққа байланысты өзінің табиғи байлығымен тауар шығару дәстүрімен ерекшеленеді.
ТШЖА тіркеуге қатысты мәселелерге қызығушылық танытқан тұлғаларға Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 3Б ғимаратында орналасқан «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының +7 (7172) 62-15-15, 62-15-16, 62-15-19 телефондары және kazpatent@kazpatent.kz электрондық мекен-жайлары жұмыс жасайтыны хабарланады. 

Қ.Бөлембаев
Жалағаш аудандық әділет басқармасының  басшысы
28 ақпан 2019 ж. 475 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031