» » Шығыс Қазақстан көшіп келемін деген 300-ге жуық арыстықты қабылдауға дайын

Шығыс Қазақстан көшіп келемін деген 300-ге жуық арыстықты қабылдауға дайын

Арыстан көшіп келем дегендерге ШҚО ай сайын 75 750 теңгеге дейін төлейміз деп отыр.

ШÑÒÑÑ ÒазаÒÑÑан көÑÑп келемÑн деген 300-ге жÑÑÒ Ð°ÑÑÑÑÑÒÑÑ ÒабÑлдаÑÒа дайÑн

ERNUR.KZ. Облыс әкімдігінде Арыс қаласына көмек көрсету бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында өңір басшысы Даниал Ахметов аймақтың аудан, қалалары 300-ге жуық арыстықты қабылдауға дайын екенін атап өтті, деп жазады altaynews.kz.

Қазіргі уақытта облыстың аудан, қалаларында 1548 бос жұмыс орны бар. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының еңбек ресурстарының мобильділігі бағыты бойынша облыс 277 адамды тұрғылықты қабылдауға әзір. Келген отбасылар жалдамалы тұрғын үйлермен, жұмыспен қамтылып, балалары балабақшаларға орналастырылады" - деді Даниал Кенжетайұлы.

Көшіп келуші отбасылардың әрбір мүшесіне 35 айлық есептік көрсеткіш (88 375 теңге) мөлшерінде бірреттік қаражат беріліп, тұрғын үй жалдау және коммуналдық төлемдер шығынының өтеуі ретінде ай сайын тұрғылықты жеріне байланысты 20-дан 30 АЕК-ге (50 500-ден 75 750 теңгеге дейін) дейінгі көлемде жәрдемақы табысталады. Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй дайындау, отын-сумен көмектесу сияқты басқа да көмек түрлерін көрсетеді.


ERNUR.KZ
04 шілде 2019 ж. 1 412 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930