» » Солтүстікте күн суып, оңтүстіке ыстық болады: Синоптиктер демалыс күндеріндегі ауа райы туралы айтты

Солтүстікте күн суып, оңтүстіке ыстық болады: Синоптиктер демалыс күндеріндегі ауа райы туралы айтты

Алдағы демалыс күндері еліміздің солтүстік өңірінде күн суып, оңтүстікте, керісінше, ыстық болады. 6-8 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

СолÑÒ¯ÑÑÑкÑе күн ÑÑÑп, оңÑÒ¯ÑÑÑке ÑÑÑÑÒ Ð±Ð¾Ð»Ð°Ð´Ñ: СинопÑикÑÐµÑ Ð´ÐµÐ¼Ð°Ð»ÑÑ ÐºÒ¯Ð½Ð´ÐµÑÑÐ½Ð´ÐµÐ³Ñ Ð°Ñа ÑÐ°Ð¹Ñ ÑÑÑÐ°Ð»Ñ Ð°Ð¹ÑÑÑ

Тропосфералық ағындардың меридионалдыдан ендікке ауысуымен қайта құрылу болып, Қазақстанға Атлантикадан ауа массалары түсе бастады. Демалыс және мереке күндері республиканың солтүстік облыстарына Ресейдің еуропалық бөлігі мен Батыс Сібірдің солтүстік аймағы арқылы ығысып жатқан циклонмен байланысты атмосфералық фронттар өз ықпалын тигізетін болады. Соның әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнағанда желдің дауылды күшеюі күтіледі және бұршақ болуы ықтимал. 

Ал Қазақстанның оңтүстік облыстарына қазір азорлық антициклон болып жатқан Атлантиканың орталық аймақтарынан ауа массалары жылжып жатыр. Жаз уақыттарында антициклондар ыстық және құрғақ ауа райымен байланысты болады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстік жартысында ауа температурасы көпжылдық мәннен 1-3°С жоғары болады деп күтіледі. Сонымен қатар таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
05 шілде 2019 ж. 482 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930