Ақтөбеде жеке компания он балалы отбасына пәтер сыйлады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жекеменшік компания он балалы отбасына төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Бүгін жанұя жаңа баспанаға кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Менің Атамекенім» акциясы аясында «Center group» компаниясы көпбалалы отбасыға көмектесті. Бұған дейін отбасы жатақханада тұрды. Отағасы Қонысбай Хамзин өзге құрылыс компаниясында тас қалаушы болып еңбек етеді.
«Хамзиндер отбасын құттықтап, табыс тілейміз. Біздің компания осы іс арқылы өзге кәсіпкерлерге үндеу тастағысы келді. Бұл жақсы үрдістің жалғасқанын қалаймыз», - деді кәсіпкер Самат Ұрмағамбетов.
Аумағы 130 шаршы метр болатын пәтер жанұяға тегін беріледі. Ал жиһаз компаниясы өз сыйын жасады.
Отбасының сегіз ұлы, екі қызы бар. Тұңғышы студент болса, кішісі екі жаста. Таяуда тағы бір сәби дүниеге келеді.
«Біз ай сайын 200 мың теңгеден астам атаулы әлеуметтік көмек аламыз. Өзімнің жасым 36-да. Балаларымды байлығым санаймын», - деді көпбалалы ана Айнұр Бекеева.

inform.kz