» » Көз жасына ерік берді: Қазақстандық кәсіпкер баспана алып берген көпбалалы ана пәтеріне көшіп кірді

Көз жасына ерік берді: Қазақстандық кәсіпкер баспана алып берген көпбалалы ана пәтеріне көшіп кірді

Елімізде тағы бір көпбалалы отбасы баспаналы болды. 7 жыл пәтерден пәтерге көшіп жүрген жалғызбасты анаға елордалық кәсіпкер үй сыйлады. Айта кету керек, осыдан екі ай бұрын ол өзі секілді ісін дөңгелетіп отырған серіктестерін де қайырымдылыққа шақырған еді. Нәтижесінде елорда іргесіндегі Қосшы кентінен сатып алған бір бөлмелі пәтерді толығымен жөндеп, демалыс күні салтанатты түрде табыс етті. 

ÒазаÒÑÑандÑÒ ÐºÓÑÑÐ¿ÐºÐµÑ 7 жÑлдан беÑÑ Ð¿ÓÑÐµÑ Ð¶Ð°Ð»Ð´Ð°Ð¿ жүÑген ÐºÓ©Ð¿Ð±Ð°Ð»Ð°Ð»Ñ Ð°Ð½Ð°Òа үй алÑп беÑдÑ

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлайды.

«Қазақстанда пәтер алуға жағдайы келмейтін, көпбалалы отбасылар жетерлік. Мен мұсылман, өз елімнің патриоты ретінде, осындай жандарға өз атымнан бір бөлмелі баспана алып бергім келеді. Өз кәсібімнен түскен қаражатқа».

Осылай деп жас кәсіпкер Жандар Садықов екі ай бұрын видеоүндеу жолдаған еді. 5 бірдей бейкүнә сәбидің өлімінен кейін, қайтсем де еліміздегі бір көпбалалы отбасыны үймен қамтамасыз етемін деп серт берген азамат уәдесінде тұрды. Ол демалыс күні Қосшы кентінен 7 баласы бар жалғызбасты анаға 1 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. 

Енді бұл пәтер балалардың сыңғырлаған күлкісіне толады. Бұл отбасы бұрынғыдай үйден үйге көшіп жүрмейді. Басыбайлы баспаналы болды. Ұлданай есімді жалғызбасты ананың қуанышында шек жоқ. Толқыған ол көз жасына да ерік берді. 

«Үйім жоқ. Осы Жандар деген кісіге рахмет. Жоқ жерден бір бөлмелі үй берді.  Мұндай болады деп ойламап едім. Іші күшті, бәрін жасап қойыпты. Бұл кісіге рахмет көп. Алланың нұры жауа берсін. Аспанымыз ашық болсын. Пәтер жалдайтынмын 7 жылдан бері, жақсы болды мына жылы жерде», - дейді көпбалалы ана Ұлданай Қарабаева.

Кәсіпкердің айтуынша бұл пәтерді басынан аяқ жөндеуге басқа кісілер де қолдан келгенінше көмектесіпті. Мәселен, балалар ұйықтайтын кереуетті жиһаз жасаумен айналысатын компания сыйға берген. Тіпті, жұмысшылар ішкі әрлеу жұмыстарын да тегін жасап беріпті. 

«Ерекше мұқтаж болғандықтан, жанұяда 7 баласы бар. Жалғызбасты ана, оның ішінде екеуі мүгедек. Сол себептен осы жанұяны таңдадым. Шамамен бір жарым айда жөндеу жұмыстарын бітірдік. Тек қана жеке кәсіпкерлер ғана емес жалпы қазақтарға Алла разылығы үшін, Қазақстанның болашағы үшін, сауапты іске атсалысайық деп айтқым келеді», - дейді кәсіпкер Жандар Садықов.

Көпбалалы отбасының үлкені 13 жаста, ал кенжесі 1-ден енді ғана асқан. Бұрын Сарыарқа ауданында пәтер жалдап тұрған келіншек енді балаларын осы жердегі мектепке, ал, кенжесін балабақшаға беру жұмыстарымен айналысып жатыр. 

Stan.kz 
02 сәуір 2019 ж. 814 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930