» » Жомарт жанның қолынан пәтер алған ақтаулық ана көз жасын тоқтата алмады

Жомарт жанның қолынан пәтер алған ақтаулық ана көз жасын тоқтата алмады

Есімін атамауды жөн санаған кәсіпкер Ақтаудағы жалғызбасты ана Гүлшат Әбиеваға пәтер сыйлады. Төрт баланы жалғыз бағып отырған ана үшін бұл нағыз тосынсый болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы inaktau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көпбалалы ана. Фото: inaktau.kz


Төрт баласының екеуі ауыр дертке душар болған Әбиева Ақтауға Түркіменстаннан көшіп келген. Күйеуі төрт балаға қамқор болудан бас тартып, қашып кетіпті.
Үш қызы мен бір ұлын аяқтан тұрғызу үшін күн-түн демей жұмыс істеп жүрген ана пәтер таппай әбден сабылады. Бұл туралы естіген меценат көпбалалы анаға Жетібай ауылынан екі бөлмелі пәтерді сыйға тартты.

Көпбалалы ана. Фото: inaktau.kz

"Біз онымен жаңа пәтерге келгенде, ол көз жасын тоқтата алмады. Балаларында үйі болатынына сене алмай, біраз жылады", - дейді Маңғыстау облысы жергілікті коммуникация қызметінің басшысы Айсұлу Дүтбаева.
Жомарт азамат мұнымен тоқтамай, тағы бір төрт баласы бар анаға Ақтаудан пәтер сыйламақ.

nur.kz









24 тамыз 2018 ж. 891 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930