Шымкенттік қайырымды жандар ақша жинап көпбалалы отбасыға пәтер алып берді
Шымкенттік еріктілер қайырымды жандардың көмегімен бір отбасыға баспана сыйлады. Темір өткізіп отбасын асырап отырған 13 жасар бала қайырымды жандардың көзіне түскен.
7 баланың анасы Мұхаббат Баева қайырымды жандарға зор алғысын білдірді. Ал, осы игі істің бастамашысы Аягөз Бегалының айтуынша, шымкенттік еріктілер әлеуметтік желі арқылы осы отбасыға көмек ретінде қаражат жинаған. Өзбекстан, Корей, Израиль, Германия, Ресей елінің тұрғындары ақша аударып, қол ұшын созды. Сол қаражатқа Ағабектің отбасына баспана алып берді.
Көпбалалы ананың айтуынша, жолдасы отбасы тастап кете барған. Бастапқыда тойханада жұмыс істеп, кейін зауытқа жұмысқа кірген. Соның салдарынан бүйрегі жарамсыз болып, еңбек ете алмайтын күйге жеткен. Үлкен ұлы Ағабек темір-терсек өткізіп, күнделікті ас-суына аша тауып жүргенін жасырмады.
Ағабекті көрген қайырымды жандардың арқасында бүгінде баспаналы болып отыр. Қайырымды жандар, ақшадан бөлек азық-түлік заттарын алып келеді.
Stan.kz