» » «Харекет» қоры 26-шы отбасыға баспана сыйлады

«Харекет» қоры 26-шы отбасыға баспана сыйлады

«Харекет» қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға баспаналы болуға жәрдемдесу мақсатында «1000 теңгеге баспана» атты акция өткізе бастады. Қоғамдық қор жұмыс істей бастаған 10 айда жиналған қаржыға еліміздің 26 тұрғыны баспаналы болды.
Жуырда аталған ак­цияның арқасында Шиелі ауданының тұрғыны Орын­күл Есжанова басыбайлы бас­панаға қол жеткізді.
«Харекет» қорының мақсаты – халық­тың демеуімен мұқтаж жан­дарға үй немесе жер телімін алып беру немесе баспана салуына көмектесу болып табылады.
Төңкеріс ауылының тұр­ғыны, жалғызбасты ана, мүмкіндігі шектеулі Орын­күлге қор шешімімен Гигант ауылдық округі Бидайкөл ауылынан жер үй сатып алып берілді. Үш баланың анасы қуаныштан көз жасына ерік берді.
– Маған отбасымның же­ке пәтері болатыны туралы хабарлағанда, қуаныштан тө­бем көкке жеткендей болды. Біздің баспаналы болуы­мызға жәрдемдескен барлық азаматқа шын көңілімізбен алғыс айтамыз, – деді Орын­күл Есжанова.
Аристотельдің ғибра­тын­да ең биік игілік, қасиет­ті құндылық – ізгілік пен қайырымдылықты, адам­гершіліктің өзегіне балайды. Өзгеге жақ­сылық жасай білу – адам­дықтың белгісі. Демек, адам болу қайырымды бо­лу арқылы келеді екен. Яғни, адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі абзал  болмақ, – дейді ұйымдастырушылар.
– Бұл акцияның мақсаты – қазақтың ежелгі дәстүрі жылу жинауды жаңғыртып, соның есебінен мұқтаж жандарға үй немесе жер телімін алып беру, үй салуы­на көмектесу. Ең бастысы осы бастамамызды үздіксіз садақаға айналдыру. Баспана алуға атсалысқан барша ағайынның берекесі артып, бағы жансын, – дейді қор жетекшісі Алғадай Әбіл­ғазыұлы.
Акция басталғалы бері он ай ішінде қазақс­тан­дықтар қордың шотына салған қаржыға 26 отбасы баспаналы болды. Сатып алынған үйлер жетім-жесір немесе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көпбалалы және жалғызбасты аналарға беріледі.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Сыр бойы».
26 тамыз 2018 ж. 1 031 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30