Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...
Музыканы адамның көзінен түсініп, мимикасымен қол қимылынан ұғына алсаңыз, бұл – өнердің құдіреті. Айтушы басқа болғанмен, бұл балалардың әнді жеткізуі бөлек. Кейбір көрермен екі мезгілге қойылған концерттің екеуін де тамашалады. Өйткені, олардың жүректері ән салып тұрды. Ал жүректен шыққан ән жүрекке жетеді.
Бұл өнерпаздар, №6 есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы түзету мектеп-интернатының 9-сынып оқушылары – Еркеұлан Қуандық, Айдана Оралбай, Сағи Мұхаммед және «Бастау» тобы еді.
Қызылорда облыстық филармониясында өткен «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың концертін «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Балаларға қолдау білдіріп, «Реверанс» би тобы, «Сармат» триосы, жас әнші Мұхтар Ханзада және «Зағиптар қоғамы» клубының мүшесі Әкімжан Өміртай өнер көрсетті. Жоғарыда аталған үш оқушы – өткен жылғы Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпазы, Санкт-Петербург қаласында өткен Х «Шаг Навстречу» шығармашылық фестивалінің І орын иегерлері. Жетекшісі Мария Базардың айтуынша, әнді дефектолог таңдап береді, бірақ олар тыңдай алмайды, мәтінді оқу арқылы жаттайды. Сосын қол қимылдарын әнге үйлестіріп жаттығады.
- Концертті үш рет өткізуді жоспарлаған едік, бұл – соңғы кеш. Әлеуметтік жоба аясында емес, мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін осы идеяны іске асырдық. Бастамаға қолдау білдіргені үшін М.Ералиева атындағы мәдениет үйіне, Қызылорда облыстық филармониясына, өнерпаздарға алғыс айтамын. Кешті өнерлі балалардың көпшілікке танылуы мақсатында және түскен қаражатпен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу үшін ұйымдастырдық, − дейді «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының президенті Әділ Әліқұлов.
Шынайы өнердің бағасы биік. Жүректен шығып, көзбен, көңілмен жеткен ән «ұйықтап жатқан жүректі оятып», көрерменге ерекше әсер ғана емес, ой салды.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».