Путин: Қазақстаннан таланттарды тартудың қажеті жоқ
Ресей басшысы Владимир Путин бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында Қазастаннан таланттарды тартудың қажеттігі жоқ екенін, оның орнына күшті біріктіру керектігін мәлімдеді деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мен таланттыларды Ресейге шақыру қажет деп жүрмін, расында, солай жасаған жөн, алайда Қазақстаннан емес. Не үшін? Өйткені, бізде Қазақстан сияқты мемлекеттерге байланысты басқа міндет болуы тиіс: күшті біріктіруіміз керек. Ресейде тиімді дамып жатса – Ресейде дамыту керек, Қазақстанда тиімді жұмыс жасап жатса – Қазақстанда жасалуы қажет. Екі елдің қарым-қатынастары аясында күшті біріктіру маңызды", - деді Путин.
Ресей басшысы елде 70 мыңға жуық қазақстандық студент оқып жатқанын алға тартты.
"Өткен жылдың өзінде меніңше, 150 адам бюджеттік негізде, яғни ресейлік бюджет қаражаты есебінен қабылданды, бірақ Қазақстан сияқты елдерде өнеркәсібіміз бен ғылымымызды дамыту қажет", - деді ол.
Путин жалпы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керектігін жеткізді.