"ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ" МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ МАРАПАТТАЛДЫ
Республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келген Ержан Байтілес редакцияның "Құрмет грамотасын" иеленді.
Редакцияда өткен салтанатты жиында газет басшысы Дархан Қыдырәлі одан бөлек, «Егеменнің» жауапты хатшысы Самат Мұсаға ТМД елдері Парламентаралық ассамблеясының «Баспасөз және ақпарат саласын дамытуға қосқан еңбегі үшін» төсбелгісін, бас редактордың орынбасары Сейфолла Шайынғазыға Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін, ал аға корректор Нұршакүл Әшімбаеваға министрліктің «Құрмет» грамотасын табыс етті. Зейнет жасына жеткен С.Шайынғазыға, құрметті демалысқа шыққан Н.Әшімбаеваға ұжымның және кәсіподақтың атынан тарту-таралғы жасалып, әріптестері ақ тілектерін жеткізді.
«Егемен» ұжымы Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келген Ержан Байтілеске тілектестігін білдіріп, редакцияның «Құрмет» грамотасымен марапаттады.
«Егемен» ұжымы Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келген Ержан Байтілеске тілектестігін білдіріп, редакцияның «Құрмет» грамотасымен марапаттады.