» » БҮЛДІРШІНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ

БҮЛДІРШІНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Жуырда Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Балапан жұлдыз» атты аудандық байқау өтті. Оған ауданға қарасты балабақ-шалардан өнерлі тәрбиеле-нушілер қатысты.
Бала шығармашылығын дамы­ту, өнерге жақын талантты бүлдіршіндерді үлкен байқауларға қатысуына жол ашу мақсатында ұйымдастырылған шара үш кезеңнен тұрды. Балабақша тәрбиеленушілері бірінші кезеңде «Мен елімнің мақтанышымын» тақырыбында өздерін таныстырса, екінші кезеңде «Мен елімді сүйемін» атты патриоттық әндерді орындады. Ал соңғы кезең бойынша «Мен жұлдыз боламын» тақырыбында танымал өнер иелеріне пародия жасады.
Байқау нәтижесінде аудандық «Жас қанат» балабақшасының бүлдіршіндері Нұрай Темірбек бас жүлдені алса, Кәусар Ержанқызы «Сахна еркесі» номинациясын иеленді. Белсенді балалардың топ ішінен үздік шығуына еңбек сіңірген балабақша әдіскері Меруерт Қайратқызы, жетекшілері Жансая Нұрғали, Жадыра Доларестің еңбегін ерекше атап өтуге болады.

Нұр НАУАН
17 шілде 2019 ж. 750 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 674

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31