Тегін Adidas аяқ киімдері: WhatsApp-хабарлама қазақстандықтар үшін қауіпті
KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Adidas фирмасының 3000 аяқ киімдер мен жейделері тегін таратылатыны туралы хабарламаның қазақстандықтарға қауіпті екенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шілде айының басынан бастап қазақстандықтардың WhatsApp мессенджерінде Adidas-тың туған күнін мерекелеу құрметіне 3000 жұп аяқ киім мен футболкаларды сыйға тартылатыны туралы хабарламалар қаптап кетті. KZ-CERT командасының мамандары да осындай хабарлама алды, сондықтан да хабарламада көрсетілген adidas-footwears.club ресурсына талдау жүргізілді. Бұл интернет-ресурс "Интернет желісіндегі алаяқтық интернет-ресурс / фишинг деп жіктелді", - делінген Facebook хабарламасында.
Сарапшылар компанияның ресми сайтында (www.adidas.com) мұндай акция туралы ақпарат жоғын айтады. "Фишингтің бұл түрі тек ұялы телефоннан жасалды, яғни тарату телефоннан жіберілді. Алаяқтар мессенджерден фейк сілтеме арқылы сізге мынадай жылы сәлемдесу сөздерімен қарсы алды: "Туған күнімізге орай біз 3000 жұп тегін аяқ киім мен футболка таратамыз". Одан әрі кепілдік сыйлықтарды алу үшін қатысушыға сауалнамаға жауап беру ұсынылады, одан кейін WhatsApp мессенджері арқылы сілтеме жасау керек", - дейді сарапшылар.
Бұған дейін "аяқ киім мөлшерін таңдау" мүмкіндігі беріліп, қаскөйлер ақша сұраған, бірақ енді интернет-ресурстың контенті өзгертілген, әрі қарай сессияны жалғастыру үшін достарға жіберу ұсынылады. "Хабарламаны таратқан жағдайда сіз алаяқтарға телефон кітабыңызға кіруге мүмкіндік бересіз. Сондықтан, құрметті қазақстандықтар, біз осындай акцияның қатысушысы болар алдында, ұйымдастырушының ресми сайтына кіріп, ақпаратты салыстырып тексеруге кеңес береміз. Ал егер сіз осындай алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, бізге 1400 нөмірі бойынша хабарласыңыз", - деп ескертті мамандар.
https://syrboyi.kz