» » Тауардың сырты мен кассадағы баға сәйкес келмесе, не істеу керек

Тауардың сырты мен кассадағы баға сәйкес келмесе, не істеу керек

Кассада айтылған баға мен тауардың сыртына жапсырылған баға сәйкес келмесе, өндірушіге барып шағымдана аласыз. Егер өндіруші 10 күнде қандай да бір шара қолданбаса, сотқа жүгінуге құқығыңыз бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Табиғи понополиялар мен бәсекелестікті қорғау комитетіне сілтеме жасап. 

ÑаÑаÑ

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңының 24-бабына сәйкес, сатушы (өндіруші) тауардың бағасын оның сыртындағы арнайы жерде немесе сауда объектілерінде көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, өндіруші тауардың дұрыс сақталуы мен бағаның теңгеде жазылуын қамтамасыз етуге міндетті. 

«Өндіруші тауардың сыртында көрсетілген бағада сатуға, сатып алушы да осы бағада сатып алуға міндетті. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы кодексінің 190-бабына сәйкес, өндіруші тауарды дұрыс өлшемесе, таразыламаса, есептемесе, құрамы мен сапасына қатысты жалған ақпарат берсе, тағы басқа жолмен алдаса, бұл үшін жазаланып, айыппұл төлейді», - делінген комитет хабарламасында. 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңның 685-бабының 1-тармағына сәйкес, бұл істі полиция қарайтыны туралы 190-бапта жазылған. Азаматтар куәгерлердің сөзін, құжаттарды, фото мен видеофиксацияларды келтіруге құқылы. Сондай-ақ, заңның 22-бабына сәйкес, өндірушілер ерікті түрде айыппұл төлеп, бұл олқылықты қалпына келтіруі үшін оларға тікелей жүгіне аласыз. Егер 10 күн ішінде сатушы жауап бермесе немесе бұл заң бұзышылықты тоқтатпаса, ерікті түрде айыппұл төлемесе, сотқа шағымдануға құқығыңыз бар», - деді комитеттегілер. 

Бұдан өзге мұндай жағдайда өз құқығыңызды қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің көмегіне жүгінуге болатыны айтылды. 
 
Stan.kz 
26 шілде 2019 ж. 567 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930