» » Жалағаштың жалынды жастары!

Жалағаштың жалынды жастары!


Аудандық білім бөлімінің "Рухани жаңғыру өзіңнен басталады" апталық жоспарына сәйкес №201 мектеп-лицейінің "Таным" шаңырағының ұйымдастыруымен "Жалағаштық жалынды жастары" тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. 

Кездесуге облыс әкімінің "Сыр үміті" жастар сыйлығының иегерлері А.Қалданова, Қ.Әлібеков, Е.Жайлыбаевтар және Ғ.Мұратбаев атындағы жастар сыйлығының иегерлері атанған Е.Бақбергенұлы, А.Қожамұратов қатысты. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін оларды ынталандыру мақсатында жетістікке жеткен жастарды орталарына шақырып, олармен еркін кездесу өткізу ерекше тәсіл екені анық. Шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпаққа жергілікті жерден шыққан жетістікке жеткен жастарды үлгі ету. Біз кез келген салада жетістікке жеткен азаматты мектеп қабырғасындағы оқушылармен жүздестіру арқылы оның еңбегін насихаттау және жас буынды еңбекке тәрбиелеуде тың тәсілдерді жүзеге асыруға дайынбыз - дейді тәрбие саласының мамандары. Жақсы ұстаным. Қолдаймыз!
20 ақпан 2018 ж. 1 667 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930