» » Қазақстандағы жазасын өтеушілерге жеңілдіктер енгізілді

Қазақстандағы жазасын өтеушілерге жеңілдіктер енгізілді

ÑÒ¯Ñме

Түрмелерде жазасын өтеушілер бұдан былай саппен жүрмейді, мемлекеттік әнұран айтуға да міндетті емес. Ал жуырда ғаламторда тараған жазасын өтеушілерді азаптау дерегінен кейін қылмыстық атқару жүйесі комитеті толыққанды тексеруге кіріспек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.


"Саппен жүргізуге, мемлекеттік әнұран айттыруға түбегейлі тыйым салынды. Жазасын өтеушілер осы мәселелер бойынша көп шағымданады. Бұл заң жүзінде қарастырылмаса да, іс жүзінде ұшырасып отыр", – дейді, Халықаралық түрме реформасы ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі директорының орынбасары Жанна Назарова.
Халықаралық ұйым өкілдері Қылмыстық атқару жүйесі комитетімен бірлесіп осындай шешімге келіп отыр.
Сонымен қатар, ұйым өкілінің айтуынша, соңғы үш жылда Қазақстан түрмелерінде 53 азаптау дерегі тіркелген. Қылмыстық атқару жүйесінде соның тек 13-ін ғана айтылады дейді. Оның көбі ішкі істер органдарында болған. Яғни сотқа дейінгі тергеу кезінде. Ал жуырда әлеуметтік желілерде тараған түрмеде жазасын өтеушіні азаптап жатқан бейнежазбаны комитет өкілдері жалғыз оқиға деп түсіндірді. Оның үстіне бәрін қадағалап отыру мүмкін еместігін айтты.
Дегенмен, осы жағдайдан кейін мамандар түрмелерді түгел тексеруге кіріспек 
"Бұл оқшауланған іс. 2018 жылы азаптауға қатысты қылмыстық істер ашылды, бірақ бірде-бір іс сотқа жолданған жоқ. Сондықтан, бұл оқшауланған жағдай. Ия, шынымен де өрескел фактіні мойындаймыз", - дейді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы.


Stan.kz 
07 тамыз 2019 ж. 528 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930