Төреғали Төреәлі колонияда концерт берді
Төреғали Төрели Алматы облысындағы колонияға концерттік сапармен барды. Ол цехтағы әріптесі Ерболат Төлегенмен бірге тұтқындарды Жеңіс күнімен құттықтап, қайырымдылық концерт беріп қайтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі қылмыстық-атқару жүйе комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әнші 9 мамырда, Заречный ауылында орналасқан қатаң режимдегі колонияда қайырымдылық концерт беріп қайтты. Онда 800-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр.
«Қауіпсіздігі жоғары колонияда жазасын өтеп жатқандар Жеңіс күнін мерекелеуден тыс қалмады. Бұл күні қылмыстық-атқару жүйенің барлық мекемелерінде түрлі оқиғалар болды. Осылайша, сотталғандарға осы күнді құрметтеудің мүмкіндігі берілді»,-делінген хабарламада.

