» » Жазасын өтеушілерге арналған алғашқы сабақ

Жазасын өтеушілерге арналған алғашқы сабақ



Қызылорда облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде Білім күніне орай мекемеде жазасын өтеушілерге арналған «Туған өлкем Қызылорда» тақырыбында алғашқы сабақ  өткізілді.
Мерекелік шара ЗК-169/5 мекемесінің әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің қызметкерлері мен мекемеде жазасын өтеушілерге білім беретін Қызылорда қаласы «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мұғалімдерінің қатысуымен өтті.
Шара барысында кешкі мектеп директорының міндетін атқарушы       Т. Насибеков айтулы мерекемен жазасын өтеуші азаматтарды құттықтап, оқуда озат болуларын тілеп, және мектеп ұйымының атқаратын қызметінің бірден-бірі ол: «Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін құрметтеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез –келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу. Республиканың қоғамдық жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарастарын қалыптастыру», - болып табылатынын айтып өтті.
 Айта кетсек, жаңа 2018-2019 оқу жылында ЗК-169/5 мекемесінде қазіргі таңда 24 сотталған азаматтар кешкі мектепте білім алуда.
Жаңа оқу жылының басталуына өз ықылас-тілектерін білдіруге сотталған азаматтарға сөз беріліп, құттықтаулар айтылып, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Д.Ералиев
ЗК-169/5 мекемесінің 
САӘПТЖЖБ-нің бастығы
әділет лейтенанты.                         
07 қыркүйек 2018 ж. 691 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930