» » Ұнды фортификациялаудың артықшылығы мен қажеттілігі

Ұнды фортификациялаудың артықшылығы мен қажеттілігі

Ұнды Қазақстанда фортификациялау халықтың денсаулығы мен еліміздің экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді.
Фортификация дегеніміз не?
Ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды (премикс деп аталатын витаминді-минералды кешен) қосу процесі.
Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификация процесі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады.
Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді, сонымен қатар жанама құбылыстарды да туғызбайды.
Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі – 6 ай. Соңғы 50 жыл ішінде бұл әдіс кең таралған технологияға айналды, яғни 85 елде ұнды міндетті фортификациялау туралы заң қабылданды.
Бидай әлемде аса өріс алған дәнді егіс, ал ұн көпшілік тұтынатын аса әмбебеп және күнделікті өнім болып табылады.
Адамның күнделікті рационында нан ерекше орын алады. Мамандардың айтуынша, әлем халқы жыл сайын 400 млн. тоннадан артық ұн пайдаланады. Бидай мен қара бидай – В1, В2, В6, Е дәрумендерімен ниацин, темір, мырыштың көзі.
Сол себепте, бидай ұнының жоғары және бірінші сұрыптарын фортификациялау адам ағзасы үшін темір мен дәрумендер тапшылығының орнын толтыру мәселесін шешуде қолайлы, тез және экономикалық жағынан тиімді.
Адамның денсаулығына қаупі бар проблемалардың бірі ол ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі болады.
Ал, оның салдары анемияға әкеп соғады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша , әлемде 2 миллиард адам анемияға ұшыраған. Қазақстандағы ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің 45 пайызы теміртапшылық анемиясымен ауырады.
Бұл өз кезегінде ана мен бала өлімі көрсеткіштерінің жоғарылауына, физикалық және ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіне әсер етеді. Анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды 30-40 пайыз жиірек босанады, барлық жүрек- қан тамыр, имундық, эндокриндік, жүйке және басқа ағза мен жүйелер функциялары бұзылады, шала тууға, күтпеген түсік пен өлі тууға, нәрестенің дамуындағы туа біткен ақаулығы бас миының жоқтығы, ми жарығының пайда болуы, т.б. әкеп соғады.
Ал балаларды дене бітімі дамуындағы жетілмеуі, әлсіреген иммунитет, індет пен зиянды экологиялық факторларға тұрақтылықтың нашарлауына әкеледі. Әр адамның денсаулығы өз қолында, «Ауырып ем іздегенше-ауырмайтын жол ізде» демекші, фортификацияланған ұнды күнделікті тұтынуды үрдіске айналдыруға мән бергеніңіз жөн.

20 ақпан 2018 ж. 1 709 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930