ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
Аудандық сот залында «Аудан тұрғындары арасындағы әлеуметтік, діни және өзге де жанжалдарды шешу кезіндегі практикалық көмек көрсету» тақырыбында дөгелек үстел өтті.
Басқосуға аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, билер кеңесінің мүшесі К.Каметов, аудандық Иманқұл мешітінің найб имамы Қ.Жақсылықов, дін мәселелерін зерттеу орталығының аудандық бөлім меңгерушісі А.Байқабылов, медиаторлар М.Хайдаров, Ж.Ибраев, адвокат Д.Калменов және аудандық полиция бөлімінің қызметкері қатысты.
Шараны аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев ашып, тақырып төңірігенде ой қозғап, бірқатар мәселелерді ортаға салды. Жиында сөз алған дін мәселелерін зерттеу орталығының аудандық бөлім меңгерушісі А.Байқабылов бүгінде діни ағымдар мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.
– Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес және жалған діни ағымдар мәселесі өткір күйінде тұр. Біздің Конституция діни сенім бостандығына кепілдік береді. Алайда шексіз еркіндік деген болмайды. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс. Осы тұрғыда кейде азаматтардың арасында діни ұстанымдарына байланысты өз отбасында, түрлі қоғамдық орындарда дау-дамай туындатып, соның салдарынан сотқа жүгінетін деректер де орын алуда. Ол үшін әрбір азамат жан-жақты сауатты болып, толерантты, зайырлы көзқарасты ұстанымда болу керек, – деді ол. Сондай-ақ мамандар дін және қоғам, зайырлылық қағидаттары, ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы, ҚР Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы, сондай ақ жат ағымдардың қауіптілігі және одан сақтану жолдары туралы дәріс оқылды.
Дөңгелек үстел соңында дін және өзге де мәселелерге қатысты пікір айтылып, сауалдарға жауап берілді. Жиынды қорытындылаған сот төрағасы шарада айтылған ұсыныстарға жауап беріп, алдағы уақытта сот ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған басқосулар жиі ұйымдастырылатынын жеткізді.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ