» » ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТЫН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТЫН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ


Аудандық полиция бөлімінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жат ағымдардың қауіптілігі, одан сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Оған учаскелік полицейлер, ювеналдық полицейлер, жол патрульдік полицейлер қатысты.

Семинарды республикалық ақпараттық насихаттық топтың мүшесі, Қызылорда қалалық «Нұр» мешітінің ұстазы Батырбек Убаев жүргізді. Жиында дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кету адамның діннен адасып, өміріне ауыр қайғы әкелуі мүмкін екендігі айтылды.
Жиынға қатысушылар мұндай түрлі ағымдардың кеңінен таралуының алдын алуда ең алдымен халықтың діни сауатын арттыру, түсіндірме жұмыстарын ауқымды түрде жүргізу керек екенін айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

«ЖЖ» ақпарат
29 маусым 2019 ж. 571 0